Американың 30 азаматтық қоғамы Тель-Авивке әскери көмегін тоқтату туралы өтініш жасады
(last modified Tue, 14 Nov 2023 12:10:46 GMT )
Қар 14, 2023 18:10 Asia/Almaty
  •  Американың 30 азаматтық қоғамы Тель-Авивке әскери көмегін тоқтату туралы өтініш жасады

30 ұйым мен америкалық азаматтық қоғам АҚШ үкіметінен сионистік уақытша режимге оқ пен оқ-дәрі жіберуді тоқтатуды сұрады.

 

Сионистік уақытша режимнің Газа секторындағы қылмыстық шабуылдары мен Палестина халқының қыруына Америка басқарған Батыстың әскери қолдауының артуымен америкалық топтар Вашингтонның Тель-Авивке көмегін тоқтатуды талап етті.

«Вашингтон пост» газетінің дүйсенбі күні кешке хабарлауынша, Американың 30 ұйымы мен азаматтық қоғамы  Джо Байден үкіметінен сионистік уақытша режимге оқ пен оқ-дәрі жіберуді тоқтатуды сұрады. Бұл ұйымдар мен азаматтық қоғамдар Байден үкіметіне 155 мм оқ-дәрі берудің Газадағы бейбіт тұрғындардың азаптарын арттыратынын ескертті.

Бұған дейін АҚШ Конгресінің бір топ қызметкері Конгресс ғимаратының алдына жиналып, Газадағы соғыс құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойып, палестиналықтар мен сионистік режим арасында атысты тоқтатуға шақырған болатын.