Амир Абдуллахиан: Сирияда ирандық күштер нысанаға алынса, қатаң жауап береміз
Иран Сыртқы істер министрі: "Сирияда ирандық күштер нысанаға алынса, қатаң жауап береміз",-деп ескертті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Женевада The Financial Times газетіне берген сұхбатында Сирияда ирандық күштердің АҚШ тарапынан нысанаға алынуы туралы сұрағына жауабында: "Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ирандық күштердің ешқайсысы нысанаға алынбады. Әрине егер мұндай оқиға орын алса, Иранның жауабы қатаң болады",-деді.
Амир Абдуллахиан "ИИР Газаға қатысты АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізуді қалай ма?" деген сұраққа жауабында: "Газа мәселесі палестиналық топтарға қатысты. Олар – қарсы тарап. Сондықтан Газадағы өзгерістерге қатысты Иран мен АҚШ-тың тікелей келіссөзі деген сауал дұрыс емес",-деді.
Амир Абдуллахиан "Неге Иран ХАМАС-қа көмектесу үшін соғысқа кіріспейді?" деген сұраққа жауабында: "Қарсыласу күштерінің қарым-қабілеті жеткілікті. Құрлық соғысы басталғанда Газадағы қарсыласу күштерінің соғыс барысын қалай өзгертетінін өз көздеріңізбен көресіздер",-деді.