Раиси 50 елдің басшыларына хат жазды
Раиси 50 елдің басшыларына хатында: "Әлемнің азаттықты сүюшілері басқыншы режимге қысым жасап, Газадағы қылмыстарды тоқтатуға жағдай жасауы керек",-деді.
Сионистік режимнің Газадағы қорғансыз халыққа қарсы қылмыстары жалғасып жатқандықтан, ИИР Президенті әлемнің 50 елінің, соның ішінде Ресей, Қытай, Түркия, Қазақстан, ОАР, Кения мен Иордания басшыларына хат жіберіп, Газадағы қылмыстарды тоқтату үшін осы режимге қысым жасау мақсатында тәуелсіз елдердің үйлесе әрекет етуін сұрады.
Раиси 50 елдің басшыларына хатында сионистік режимнің 40 күннен аса уақыт бойы Газа секторында 14 мыңнан аса адамды өлтіріп, инфрақұрылымдарды қиратқанына тоқталып, кейбір Батыс елдерінің екіқырлы стандарттар ұстанып, адамгершілік, ақлақтық және құқықтық принциптерді қасақана елемей отырғанын айтып: "Тәуелсіз елдер, соның ішінде ислам елдерінен экономика және дипломатия салаларында біртұтас көзқарас білдіріп, басқыншы режимге қысым жасап, сионистік режимнің бейбіт тұрғындарды өлтіруі және Газаны қоршауын тоқтатуға жағдай жасайды деп күтеміз",-деді.