Жел 11, 2023 21:24 Asia/Almaty
  • Канани: Иран мен Ресей арасында көптеген жобалар орындалып жатыр

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Иран мен Ресейдің түрлі салаларда даму үстіндегі әріптестігіне тоқталып: "Екі елдің арасында көптеген жобалар орындалып жатыр",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің Иран мен Ресейдің жан-жақты байланысын дамыту үдерісі туралы сұрағына жауабында: "Екі елдің сауда айналымының көлемі биылғы жылдың 9 айында 20 пайызға өсті. Бұл екі елдің жақсы әрекет еткенін көрсетеді",-деді.

Канани сионистік режим Премьер-министрінің Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасы туралы сөздеріне реакциясында: "Иранның аймақтағы дос елдермен қарым-қатынасы туралы кейбір тараптардың сөздеріне көңіл аудармаймыз. Бұл сөздер өзара қарым-қатынасты тереңдетуге еш әсер етпейді",-деді.

Канани Газа соғысының болашағы туралы: "Өз тағдыры мен өз жерінің болашағы туралы шешім қабылдай алатын тараптың Палестина халқы екенін сан рет мәлімдедік. Аймақтан тыс біреулердің Палестинаның болашағын белгілеуге талпынып, соған қатысты жобалар жасауы еш нәтиже бермейді. Палестина халқы басқыншы тараптың мүддесіне сай келетін шетелдік әділетсіз жобаларды қабылдамайды",-деді.

Тегтер