АҚШ Мемлекеттік хатшысы сионистік режимге Конгресстің рұқсатынсыз танкке қажет 14 мыңға жуық снарядтың сатылуын қорғады
(last modified Tue, 12 Dec 2023 11:30:09 GMT )
Жел 12, 2023 17:30 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік хатшысы сионистік режимге Конгресстің рұқсатынсыз танкке қажет 14 мыңға жуық снарядтың сатылуын қорғады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен Конгрестен сионистерге, Украинаға және АҚШ-тың басқа да ұлттық қауіпсіздік басымдықтарына 100 миллиард доллардан астам басқа көмекті тез арада бекітуге шақырды.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ Газадағы сионистік режимнің әскери қажеттіліктері сионистерге Конгресстің рұқсатынсыз тікелей оқ-дәрі жіберуді ақтайтынын баса айтты. Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, Байден үкіметі өзінің төтенше өкілеттіктерін пайдаланып, осы елдің Конгрессі мен Сенатының рұқсатынсыз сионистік режимге құны 106 миллион 500 мың доллар болатын 14 мың танк снарядын жібергенін жариялады.

Үш күн бұрын АҚШ 13 қолдау дауыс алғанына қарамастан, Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынылған қарарға вето қойды.

 

 

Тегтер