Жел 13, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас Ассамблеясы Газада дереу атысты тоқтату туралы қарарды басым дауыспен мақұлдады

БҰҰ Бас ассамблеясы 153 мүшенің оң дауысымен, яғни дауыстардың басым көпшілігімен Газада гуманитарлық атысты дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады,  

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының сейсенбі күні кешке Газа секторындағы жағдайға байланысты төтенше сессиясында БҰҰ-ның 193 мүшесінің 153-і Газада дереу атысты тоқтату және барлық тұтқындарды дереу және сөзсіз босату туралы қарарды қолдап дауыс берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының 10 мүшесі қарсы дауыс беріп, 23 мүше қалыс қалды, осылайша Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің басым көпшілігі АҚШ пен Израиль режиміне қарсы шықты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 мүшесінің үштен екіден астамы Газада тез арада атысты тоқтату қарарды қолдап дауыс бергеннен кейін ИИР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі әрі өкілі Амир Саид Иравани: "Израиль режимінің қылмыстары халықаралық қоғамдастық тарапынан қатаң жауапқа ие болуы керек және АҚШ-тың атысты тоқтатуға ашық қарсылығы Газадағы балалар мен әйелдерге көбірек соғыс, зорлық-зомбылық және ең соңында көбірек өлім жазуды білдіреді",- деді.

 

 

Тегтер