Газаның солтүстігінде жанұялардың 90 пайызы тәулік бойы аш жүреді
Жел 14, 2023 15:39 Asia/Almaty
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы: "Газаның солтүстігінде жанұялардың 90 пайызы тәулік бойы аш жүреді",-деді.
MAA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы: "Газа секторының түкпір-түкпірін аштық жайлады. Адамдар жанұяларына тамақ табуға талпынып жатыр, бірақ күннен күнге үміттері азайып барады. Ал Газада азық-түлік тапшылығы мен ашаршылық жылдам артып барады",-деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бағалауы бойынша, Газадағы жанұялардың 83-97 пайызы жеткілікті тамақтанбайды. Кейбір аудандарда жанұялардың 90 пайызы тәулік бойы аш жүреді. Жанұялардың 18 пайызы өткен айда 10 күннен аса осындай жағдайда болған.
Тегтер