АҚШ Президенті Газада атысты тоқтату бітімін орнатуға тағы қарсы шықты
Газада атысты тоқтату туралы халықаралық талаптардың артуына қарамастан, АҚШ Президенті Газада атысты тоқтату бітімінің орындалуына тағы қарсы шықты.
"Вашингтон Пост" газетінің жазуынша, Джо Байден "Бұл бітім бейбітшілікке әкелмейді" депті.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Ақ үйден шыға бере тілшілерге "Нетаньяхумен ұзақ сөйлестім. Бірақ атысты тоқтату бітімін сұрамадым" деген.
The Guardian газеті атысты тоқтату бітіміне келу үшін бір апта келіссөз жүргізілгенін айтып: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ қарсылық білдіргеннен кейін талпыныстар нәтижесіз қалды. Жиналысқа қатысушылар тек Газаға гуманитарлық көмектерді көбейту туралы ұсынысты қабылдаумен шектелді",-деп жазды.