Газа халқының төрттен бірі жұқпалы аурулардан көз жұмуы мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i74854-Газа_халқының_төрттен_бірі_жұқпалы_аурулардан_көз_жұмуы_мүмкін
Эдинбург университетінің ұстазы: "Газа секторында гуманитарлық дағдарыс жалғасқан жағдайда келесі жылы 500 мыңға жуық адам жұқпалы аурулардан көз жұмуы мүмкін",-деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 01, 2024 20:47 Asia/Almaty
  • Газа халқының төрттен бірі жұқпалы аурулардан көз жұмуы мүмкін

Эдинбург университетінің ұстазы: "Газа секторында гуманитарлық дағдарыс жалғасқан жағдайда келесі жылы 500 мыңға жуық адам жұқпалы аурулардан көз жұмуы мүмкін",-деп жазды.

Эдинбург университетінің ұстазы Guardian газетіне жариялаған мақаласында: "Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың көбі оқтан ғана емес, денсаулықтары сыр беріп көз жұмуы мүмкін",-деді.  

Эдинбург университетінің ұстазы: "Израильдің Газаға шабуылдарынан бейбіт тұрғындармен қоса, көптеген тілшілер, БҰҰ қызметкерлері қаза тапты. Сондықтан бұл өткен отыз жылдық тарихта ең қанды қақтығыс болып тіркелді. Газада күніне 160 бала қаза табады. Бұл – балалар үшін қазіргі заман тарихындағы ең қанды сойқан. Бұл Сирия, Ауғанстан мен Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар санынан әлдеқайда көп",-деді.