Ирак исламдық қарсыласу күштері Сириядағы АҚШ базаларына шабуылдарын жалғастыруда
Қаң 14, 2024 17:39 Asia/Almaty
Ирактың исламдық қарсыласу күштері жексенбі күні Сириядағы АҚШ-тың бір әскери базасын нысанаға алды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның Дейр-оз-Зор ауданындағы әл-Омар мұнай кенішінде орналасқан АҚШ базасы нысанаға алынды.
Ирак исламдық қарсыласу күштері: "Сириядағы әл-Хезр ауылына жақын маңдағы әл-Омар мұнай кенішінде орналасқан АҚШ базасына дронмен шабуыл жасалды",-деді.
Бұл – Ирак исламдық қарсыласу күштерінің соңғы бірнеше сағатта Сирия жеріндегі АҚШ әскери базасына жасаған екінші шабуылы.
Ирак исламдық қарсыласу күштері сенбі күні: "Газа халқына қолдау және АҚШ-тың аймақтағы басқыншылығына қарсылық ретінде Сириядағы Хараб-әл-Джир базасына зымыран аттық",-деп мәлімдеді.