Амирабдуллахиан Микатимен кездесуінде: Палестина халқына ешкімнің ештеңе таңуға құқығы жоқ
Иран Сыртқы істер министрі Давоста Ливан премьер-министрімен кездесуінде Палестина халқына ешкімнің бірдеңе таңуға құқығы жоқ екенін айтты.
Ол Ливанның аймақтық мәселелердегі маңызды рөліне тоқталып: "Ливанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді және ИИР Ливандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды әрдайым қолдайды",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Ливан үкіметі, халқы және қарсыласуының Палестина халқын қолдаудағы рөлін жоғары бағалап: "Өкінішке орай, Американың сионистік режимді қолдауының аясында Газаға қарсы соғыс жалғасуда және біз сионистік режимнің Палестина азаматтарын, әйелдері мен балаларын өлтіруінің және палестиналықтарды геноцидтің жалғасуына куә болып отырмыз",- деп мәлімдеді. Америка Құрама Штаттарының соғыстан кейінгі кезеңде Газаны қалай басқаруға болатынын жобалаудағы қазіргі күш-жігеріне сілтеме жасай отырып, Сыртқы істер министрі: «Палестина халқына ешкімнің ештеңе таңуға құқығы жоқ, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы істерді қалай басқару керектігін тек палестиналықтардың өзі шешуі керек",- деді.