Қаң 18, 2024 14:14 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сириядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдаймыз

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Петерсонмен Давоста кездесті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияда Давос форумы аясында өткен Амир Абдуллахиан мен Гейр Петерсонның кездесуінде Сирияның саяси үдерісіндегі соңғы өзгерістер талқыланды.

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Сириядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті және саяси үдерістерді қатты қолдайтынын және БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкіліне міндетін сәтті атқаруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.  

Гейр Петерсон Сириядағы саяси-экономикалық және қауіпсіздік жағдайға баға бере келіп, осы елдегі қиыншылықтарды шешуге көмектесу үшін өз ұсыныстарын айтып, өз міндетін ілгерілетуге жәрдем беруге әзірлігін жариялаған ИИР-ға алғыс айтты.  

Тегтер