Қаң 18, 2024 20:49 Asia/Almaty
  • Пәкістан Иранның шекаралық ауылындағы бейбіт тұрғындарға зымыранмен шабуыл жасады

Систан мен Белуджистан облысы әкімінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары: "Бейсенбі күні таңертең Пәкістан тарапынан атылған зымыранның салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Систан мен Белуджистан облысы әкімінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Мархамати: "Өкінішке қарай, бейсенбі таңғы сағат 04:30-да бірнеше жарылыстың дыбысы естілді. Тексерістен кейін шекаралық ауылдардың біріне Пәкістан тарапынан зымыран атылғаны анықталды. Осы шабуылда Иран азаматтығы жоқ үш әйел мен төрт бала қаза тапты",-деді.

Тағы бір жарылыс Сераван қаласында болды. Онда адам шығыны болмады.

Пәкістан Қарулы күштері: "Иранның үш елді мекенінде (Сераван, Шамсар, Ханак) лаңкестер орналасқан 7 объектіні нысанаға алдық",-деп мәлімдеді.  

Тегтер