Иран Палестинаға көмектесу үшін ортақ қор құруға ұсыныс жасады
(last modified Mon, 22 Jan 2024 14:17:57 GMT )
Қаң 22, 2024 20:17 Asia/Almaty
  • Иран Палестинаға көмектесу үшін ортақ қор құруға ұсыныс жасады

Иран Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Газа секторындағы Палестина халқына көмектесу үшін басқа елдермен бірлесіп қаржы қорын құруға ұсыныс жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пир Хұсейн Килуванд кеше, жексенбі Палестина мен Газаны қолдауға бағытталған халықаралық гуманитарлық конференцияда сионистік режимнің Газа секторында жүзден аса күн бойы жасаған қылмыстарына тоқталып: "Халықаралық ұйымдардың белсенділіктері сионистік режимнің кедергілері салдарынан тиімсіз болды",-деді.

Пир Хұсейн Килуванд ОАР-ға сионистік режимнің үстінен халықаралық  қылмыстық сотқа арыз түсіргені үшін алғыс айтып: "Бұл – өте құнды іс. Иран да ОАР басшыларымен бірге сионистік режимге қарсы қылмыстық іс қозғайды",-деді.

Иран Қызыл жарты ай ұйымының басшысы: "Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау, Газа секторын қоршауға алу, Қызыл жарты ай ұйымының қызметшілерін нысанаға алу, ауруханаларға басып кіру сионистік режимнің қылмыстарының бір бөлігі ғана. Ол заң алдында жауап беруі тиіс",-деді.