Ұлыбритания қарулы күштерінің қолбасшысы: Халық Ресеймен соғысуға дайын болуы керек
(last modified Thu, 25 Jan 2024 15:31:25 GMT )
Қаң 25, 2024 21:31 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания қарулы күштерінің қолбасшысы: Халық Ресеймен соғысуға дайын болуы керек

Ұлыбритания қарулы күштерінің қолбасшысы  елінің халқынан Ресеймен болуы мүмкін соғысқа дайындалуды сұрады.

 

«Politico» сайтының хабарлауынша, британ қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Патрик Сандерс ел билігінен халықты Ресеймен соғысуға дайындауды сұраған.

Жақында Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Ресейдің НАТО әскери альянсына  таяу бес-сегіз жылда» шабуыл жасауы мүмкін екенін айтты. 25 қаңтарда немістің «Bild» газеті Берлиннің Мәскеумен соғысқа дайындығы туралы баяндамасын жариялағаннан кейін сегіз күн өткен соң, Германия қорғаныс министрі бұл хабарды жанама түрде растады.