Қаң 28, 2024 15:37 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран мен Исламабадтың қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке байсалды қарсы тұру керек

Иран Президенті Теһран мен Исламабадтың қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке байсалды қарсы тұру керегін айтып: "Екі елдің шекарасы – экономикалық белсенділіктер жүргізіп, қауіпсіздікті арттыруға берілген мүмкіндік. Оны қандай да бір бейберекетсіздіктен сақтау керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Ирандағы Пәкістанның жаңа елшісі Мұхаммед Мудасир Типудан сенім грамотасын қабылдау рәсімінде екі бауырлас елдің ажырамас байланысы барын, дін, мәдениет пен өркениетте ортақ тамыры барын айтып, Иранның тату көршілестік және интеграция саясатына тоқтатып: "ИИР тұрғысынан екі елдің шекарасы – экономикалық белсенділіктер жүргізіп, көршілердің қауіпсіздігін арттыруға берілген мүмкіндік. Сондықтан оны қандай да бір бейберекетсіздіктен сақтау керек",-деді.

Раиси Пәкістанның қауіпсіздігін Иранның қауіпсіздігі деп атап, кейінгі жылдары АҚШ құрған лаңкестік топтардың аймақта, әсіресе Ирак пен Сириядағы белсенділіктерінің ауыр салдары болғанын айтып, мұндай гибридтік лаңкестік топтарды аймақ елдерінің барлығына қауіп деп атап, лаңкестікке қарсы күресу үшін аймақтық әріптестікке қолдау білдірді.

Мұхаммед Мудасир Типу осы рәсімде Раисиге екі елдің қарым-қатынасын көрегендікпен әсерлі басқарып отырғанына алғыс айтып, ИИР-дың аймақ елдері арасында интеграция мен ынтымақтастық тудыруға бағытталған айқын жол картасына қолдау білдірді.

Тегтер