Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді
https://itolqyn.com/news/world-i76106-Америкалық_ұшқыш_сионистік_режимнің_елшілігі_алдында_өз_өзін_жағып_жіберді
АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жатып, "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айғайлаған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 26, 2024 17:50 Asia/Almaty
  • Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жатып, "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айғайлаған.

АҚШ армиясы әуе күштерінің баспасөз өкілі Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберген адамның қызметтегі ұшқыш екенін растады.

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері 25 жастағы Аарон Бушнель жексенбі күні Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айтып, өз-өзін жағып жіберді.