Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді
(last modified Mon, 26 Feb 2024 11:50:53 GMT )
Ақп 26, 2024 17:50 Asia/Almaty
  • Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жатып, "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айғайлаған.

АҚШ армиясы әуе күштерінің баспасөз өкілі Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберген адамның қызметтегі ұшқыш екенін растады.

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері 25 жастағы Аарон Бушнель жексенбі күні Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айтып, өз-өзін жағып жіберді.