Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді
(last modified Wed, 28 Feb 2024 12:14:45 GMT )
Ақп 28, 2024 18:14 Asia/Almaty

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жатып, "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айғайлаған.

АҚШ армиясы әуе күштерінің баспасөз өкілі Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберген адамның қызметтегі ұшқыш екенін растады.

АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері 25 жастағы Аарон Бушнель жексенбі күні Вашингтонда Израильдің елшілігі алдында "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айтып, өз-өзін жағып жіберді.

 

25 жастағы Аарон Бушнелдің Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін-өзі өртеп жіберер алдындағы соңғы сөзі:

Мен Аарон Бушнеллмін, Америка Құрама Штаттарының Әскери-әуе күштерінің белсенді мүшесімін. Геноцидке қатысқым келмейді.

Мен наразылық әрекетінің алдында тұрмын, бірақ Палестина халқының өз отарлаушыларының қолынан көргенімен салыстырғанда, бұл әрікет ештеңе емес. Бұл біздің билеуші топтың қалыпты деп шешкені. Жасасын Палестина! Жасасын Палестина! Жасасын Палестина!