Иран Вице-Президентінің орынбасары: Теһран мен Мәскеу АҚШ-тың біржақтылығымен күресуге қатысты ортақ ұстанымға ие
Ақп 29, 2024 23:11 Asia/Almaty
Иран Вице-Президентінің орынбасары: "Теһран мен Мәскеу АҚШ-тың аймақтағы біржақты саясатымен күресуге қатысты ұстанымдарының ортақ болғаны өте қолайлы. Бұл Газада жапа шеккен халықтың құтқарылуына себеп болады деп үміттенеміз",-деді.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер сәрсенбі күні Ресей Премьер-министрінің орынбасары Александр Новакпен кездесуінде ортақ ынтымақтастық жобаларының екі ел басшылары үшін өте маңызды екенін айтып: "Осы жобаларды орындау аймақ үшін айрықша мүмкіндік тудырады. "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін салу және Иранның оңтүстік айлақтарын дамыту екі ел үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін маңызды да стратегиялық рөлге ие",-деді.
Тегтер