АҚШ-тың Ресей-Украина соғысын жалғастырудан көздеген 4 мақсаты
(last modified Sat, 02 Mar 2024 16:02:28 GMT )
Нау 02, 2024 22:02 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Ресей-Украина соғысын жалғастырудан көздеген 4 мақсаты

Украина соғысы өткен сенбіден бері екінші жылға аяқ басты. Бірнеше күнде аяқталады деп ойлаған соғыс осылай созылып кетті.

Халықаралық сарапшылардың көбі Вашингтонды Украинада текетірестің күшеюін қалайтын ірі коалицияның басты ойыншысы деп санайды. Ол соғысқа қару-жарақ жіберу арқылы оны белгісіз мерзімге созуды қалайды.

2022 жылы 22 ақпанда Украинада соғыс басталғалы бері АҚШ басшылары бітім туралы сөз бола қалған кезде "Бұл соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Әлем өзін ұзақ жылдарға созылатын соғысқа дайындауы тиіс" деп айтып келеді.

Вашингтонның осы соғыстан көздейтін басты мақсаты – Ресейді әлсірету. Ақ үйдің сенімінше, соғыс жалғасқан жағдайда Мәскеу Украина тарапынан туындап отырған әскери қоқан-лоқыны жою үшін және соғыстан кейінгі жылдарда Еуропаның қауіпсіздік құрылымы алдында тең жағдайға ие болу үшін өз саяси мақсаттарын орындауға айтарлықтай күш пен қаражат жұмсауға мәжбүр.

Екінші мақсат – Ресей мен Еуропа арасында энергетика саласындағы әріптестікті тоқтату. Бұл саясат "қырғи қабақ" соғысы заманынан басталып, бірнеше онжылдық барысында орындалды. Сеймур Херштің әшкерелеуіне сәйкес, "Nord Stream" газ құбырын бұзу ОББ-ның жоспарлауымен АҚШ тарапынан атқарылды. Мұны да АҚШ-тың Ресей мен Еуропаның басты экономикалары арасындағы ауқымды байланысты үзу үшін жоспарлаған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі деп санауға болады.

Шын мәнінде АҚШ-тың түпкі мақсаты – Еуропаны қуат көздерімен қамтамасыз етуде Ресейдің орнын басу. Мұнымен қоса, еуропалық кәсіпорындарға жағдайды ауырлатып, Еуропа елдерінде америкалық тауарларға бәсекелестікті азайтып, өз өндірісін нығату болып отыр.

2023 жылы жазда АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Еуропа тұрғындары соңғы бірнеше онжылдықта болмаған инфляциямен бетпе-бет келіп отырғанда америкалық мұнай компаниялары орасан зор табыс тауып жатыр.

Мысалы, "ExxonMobil" компаниясы Украинада соғыс басталған алғашқы айларда: "2022 жылдың екінші кварталында 17,9 млрд доллар табыс таптық",-деп мәлімдеді. Ал негізі бұл компанияның осы жылдың бірінші кварталындағы табысы 5,5 млрд доллар болған.

Бұдан соң Еуропа комиссиясының басшысы өз баяндамаларының бірінде осы мәселеге тоқталып, көбіне америкалық компанияларға қаратып: "Қазіргі жағдайда бұрын-соңғы болмаған табысқа жету үшін клиенттерге зиян келтіріп, соғысты теріс пайданалу дұрыс емес",-деді.

АҚШ-тың үшінші мақсаты – Еуропаны әскери-қорғаныс өнеркәсібін қайта іске қосып, әскериленуге ынталандыру.

АҚШ әскери бәсекелестіктің тек америкалық күштер тарапынан жүзеге асырылған жағдайда ұзаққа созылмайтынын мойындады. Мұнымен қоса, АҚШ Қытай қаупі артып келе жатқанын, жақын болашақта Тынық мұхитта осы алпауытпен бетпе-бет келетінін түсінеді.

Сондықтан Вашингтон Еуропада Еуроодақтың әскери-қорғаныс кешендерін қайта жандандырудың жолдарын іздестіріп жатыр.

Вашингтонның төртінші мақсаты – еуропалық одақтастарды АҚШ-тың Ресей, Қытай және Иран сияқты қарсыластарымен күреске жұмылдыру.

Бұған қарамастан, туындаған түйткілдерге байланысты америкалықтар өздері бастаған соғыста Ресейден жеңіліп, АҚШ гегемониясына негізделмеген жаңа жаһандық жүйемен бетпе-бет келуі мүмкін.