Раиси: Газадағы сионистік қылмыстың түп-тамыры олардың 75 жылдық басып алуынан бастау алады
(last modified Mon, 04 Mar 2024 11:47:32 GMT )
Нау 04, 2024 17:47 Asia/Almaty
  • Раиси: Газадағы сионистік қылмыстың түп-тамыры олардың 75 жылдық басып алуынан бастау алады

ИИР Президенті Алжир Президенті Әбдел Маджид Тебунмен бірлескен баспасөз мәслихатында: "Бүгінгі Газада болып жатқан оқиға - геноцид және соғыс қылмысы. Бұл қылмыстың тамыры сионистік басқыншылардың 75 жылдық басып алуынан бастау алады",- деді.

 

 

Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні кешке осы баспасөз мәслихатында Иран мен Алжирдің ортақ саяси ұстанымдарына сілтеме жасап, әсіресе Палестинаның езілген халқының құқықтарын қорғау және сионистік режимнің қылмыстылығы мен басып алуына қарсы тұруға тоқталып: "Бүгінде Америка мен сионистік режимді қолдайтын кейбір батыс елдерінің қолдары Газаның жазықсыз және жәбірленген халқының қанына былғанған",- деп айтты.

ИИР Президенті "Палестина халқының айқын жеңісіне және сионистік режим мен оның жақтастарының нақты жеңіліске жеткеніне сенімдіміз" деп айтып, Алжир президентінің сионистік режимді халықаралық сотта айыптауға талпынудағы ұстанымдарын жоғары бағалады. Раиси: "Халықаралық сот мүмкіндігінше тезірек шешуші үкім шығарып, бомбалауды, басып алуды тоқтаттыруы және сионистер мен олардың жақтастарын жазалау мен соттауы керек. Зорлық-зомбылық көрір отырған Палестина халқын қорғау ИИР-ның сыртқы саясатының өзгермейтін қағидаттарының бірі болып табылады. Біз Палестина халқының құқықтарын қолдаудан ешқашан тартынбадық және палестиналықтардың құқықтарын жүзеге асырудың шешімі Палестина халқының, соның ішінде мұсылмандардың, христиандардың және еврейлердің дауыстарына көңіл бөлу деп санаймыз",- деп мәлімеді.