Нау 08, 2024 21:15 Asia/Almaty
  • Иран Израильді БҰҰ-ның әйелдер істері жөніндегі комиссиясынан шығаруды талап етті

БҰҰ-дағы Иран елшісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Израиль режимінің қолынан 9 мыңнан аса палестиналық әйел қаза тапқанын айтып, осы режимді БҰҰ-ның әйелдер істері жөніндегі комиссиясынан шығаруды талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-дағы Иран елшісі бейсенбі күні баяндама жасап: "Халықаралық әйелдер күнінде әйелдердің қарым-қабілетін арттыру және құқықтарын нығайту үшін алдымен әділетсіздікпен күресу керек",-деді.

БҰҰ-дағы Иран елшісі: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әрекетсіздігі салдарынан сионистік режим 9 мыңнан аса палестиналық әйелді өлтірді",-деді.

Палестина үкіметінің Әйелдер істері жөніндегі министрі Амал Хамд Газадағы әйелдердің жағдайын ойлағаннан әлдеқайда нашар деп сипаттап: "Сағат сайын үш әйел қаза табады. Яғни күніне 63 әйел көз жұмады. Олардың 37-сі – ана немесе аяғы ауыр әйел",-деді.  

Ол: "Палестина әйелдеріне жасалып жатқан шабуылдар тарихта бұрын-соңғы болмаған. Біз ауруханаға тасымалданған 9 мың әйелдің шәһид болғаны туралы айтып отырмыз. Ал жалпы Газада 9 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалған. Олардың 70 пайызы – әйелдер",-деді.   

 

Тегтер