Менахем Бегин - бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған израильдік террорист
2024 жыл 9 наурыз – Дейр-е Ясинде қырғын жасаған Менахем Бегиннің қайтыс болған күнінің жылдығы.
Бұл израильдік террорист 1948 жылы көктемнің бір күнінде алдын ала ескертусіз "Иргун" лаңкестік тобын алдын ала дайындап, басып алынған Құдс маңындағы тауларда орналасқан "Дейр-е Ясин" әдемі ауылына басып кірді. Ол күн батқанға дейін ғасырлар бойы абырой-айбынмен өмір сүрген палестиналықтардың жерін жермен-жексен етуді көздеді.
Осы сараптамада Менахем Бегиннің өмірін 6 бөлімге бөліп талдаймыз.
1. Жанұя
Израильдің бұрынғы Премьер-министрі, әсіре сионистердің бірі әрі Ликуд оңшыл тобының жетекшісі Менахем Бегин 1913 жылы Польшаның Брест-Литовск қаласында дүниеге келген. Әкесі Вольф Бегин әсіре сионист, шешесі Хася Косовская белгілі раввиннің жанұясынан шыққан.
2. Лаңкестік әрекеттердің басталуы
Менахем Бегин 1929 жылы, яғни 16 жасында Жаботинскийдің көзқарасымен танысқаннан кейін жаңа бастама, яғни сионизмге қызығып, жолына түсті.
Осы қызығушылық оны уақыт өткізбей жылдам "Бейтар" лаңкестік ұйымына қосылуына себеп болды. Ол осы ұйымда қызмет бойынша жылдам өсіп, 17 жасында Брест-Литовскідегі "Бейтар" ұйымының билігін өз қолына алды.1935 жылы "Бейтар" ұйымы қатты дамыған кезде Менахем Бегин ұйымның белді басшыларының бірі саналған. Тура сол жылы Краковта өткен "Бейтар" дүниежүзілік конгресінде ұйым басшыларының қатарында отырды.
3. Палестинаға сапар
Менахем Бегин 1942 жылы Палестинаға барды.
Менахем Бегин Палестинаға келгеннен кейін армия қолбасшылары үшін ағылшын тілінің аудармашысы ретінде алдымен Хайфада, содан соң Бейт ул-Мұқаддаста қызмет етті. Сол жылы қыркүйек айында Палестинадағы "Бетар" лаңкестік ұйымының басшылығы оған тапсырылды.
1943 жылы әскери-террористік құрылым болып табылатын Иргун ұйымына жетекшілік ету міндеті оған жүктелді. Содан кейін ол 1942-1948 жылдары Палестинадағы арабтар мен Англияның мемлекеттік күштеріне қарсы түрлі лаңкестік әрекеттер жасады, соның ішінде арабтарды жаппай дарға асты, қоғамдық орындарды қиратты. Көп жағдайда бұл әрекеттер сионизмді басқарушылардың қолдауына ие болды.
Менахем Бегин мен оның лаңкестік ұйымы жасаған лаңкестік әрекеттер қатарында Англия үкіметі орналасқан "Давид патша" қонақүйін жарып жіберу, бәрінен үлкен әрі қатыгезірек "Дейр-е Ясин" ауылындағы қорғансыз халықты қыру болды.
Менахем Бегиннің лаңкестік әрекеттерінің көп болғаны соншалықты, Англияның тыңшылық ұйымы оны "ең үлкен сионист террорист" деп атаған.
Ол Нью-Йорктегі баяндамаларының бірін "Мен бұрынғы террористпін!" деп бастаған.
4. Саяси қызмет
1948 жылы Израиль үкіметі құрылғаннан кейін Бегин "Херут" (азаттық) сионистік-фашистік партиясын құрған.
Осы партияның басшысы болып тұрған кезде ол қаржылай көмек сұрау үшін АҚШ-қа барды. Сол сапар барысында Ханна Арент пен басқа де еврей ағартушылар Нью-Йорк Таймс газетінде басқан ашық хатта оны "құрылымы, тәсілі, саяси философиясы және әлеуметтік талаптары тұрғысынан нацистік-фашистік партияларға қатты ұқсайтын" партияның жетекшісі деп атады. Бұл хатта Дейр-е Ясин ауылында 240 адамның өлтірілгені айтылған. Бұл хатқа тіпті физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Альберт Энштейн қол қойған.
1973 жылы қыркүйекте Менахем Бегин барлық оңшыл партияларды біріктіріп, Ликуд партиясын құрып, 1977 жылғы сайлауда күтпеген жерден жеңіске жетті.
Бегин сайлауда жеңіске жеткеннен кейін халықаралық сионизм ауқымды үгіт-насихат арқылы Бегиннің бұрынғы келбетін естен шығарып, оны шыншыл әрі принципшіл саясаткер етіп көрсетуге тырысты.
4. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы
Нобель сыйлығы бейбітшіліктің символы болғаннан бұрын кісі өлтіргендердің өткенін тазарту үшін қолданылатын символ деп айтуға болады.
Махатма Ганди сияқты адамдар ешқашан Нобель сыйлығын алмаған. Бұл сыйлық қысылтаяң кездерде Киссинджерден бастап Менахем Бегинге дейінгі қолы қанға боялған адамдарға беріледі.
Менахем Бегин 1978 жылы Мысырмен келіссөздер жүргізіп, осы елдің Президенті Анвар Садатпен бейбіт келісім жасағаны үшін осы президентпен бірге Нобель сыйлығын алды. Бірақ бүкіл әлем бұған наразылық білдірді.
5. Саяси қызметтің аяқталуы және өмірінің соңы
Менахем Бегин 1981 жылы екінші рет Израильдің Премьер-министрі болып тағайындалды. 1983 жылы денсаулық жағдайына байланысты саясаттан кетті.
Ол 1992 жылы 9 наурызда қайтыс болды.