Нау 13, 2024 18:02 Asia/Almaty
  • АҚШ барлау қызметі: Қытай, Ресей және Иран американдық әлемдік тәртіпке қарсы

Американың барлау мекемелерінің басшылары өз баяндамасында Иран Ислам Республикасы, Ресей және Қытайды Американың әлемдегі үстемдігін бұзушылар деп атады.

Американың барлау және қауіпсіздік ұйымдарының басшылары осы елдің конгресінде куәлік беруімен бір уақытта жарияланған бұл баяндамада: "АҚШ ұлы державалардың бәсекелестігі, трансұлттық сынақтар мен аймақтық қақтығыстардың қысымында",- деп айтылды. Бұл баяндамада америкалық барлау агенттіктерінің басшылары АҚШ-тың «осал әлемдік тәртіппен» бетпе-бет келгенін, Иран, Ресей және Қытайдың халықаралық жүйенің бұрыннан келе жатқан ережелеріне, сондай-ақ Американың қауіп-қатерлерді бағалаудағы басымдылығына қарсы шығып отырғанын мәлімдеді.  Бұл Американың басқа халықаралық державалардың, яғни Иран, Қытай және Ресейдің дұшпандық танытуын жоғары құжатында бірінші рет емес.

Вашингтон Қытай Ресей және Иранмен бірлесе отырып, Батыс әлемі оның өмір сүруінің негізін қалаушы және қолдаушысы болып табылатын либералды халықаралық тәртіпке қарсы шығып, Батыстың халықаралық жүйедегі ғасырлар бойы қалыптасқан беделіне нұқсан келтіреді деп  қорқады.

 

Тегтер