The Guardian, Associated Press, The Washington Post: Палестина балалары бала емес
(last modified Fri, 22 Mar 2024 12:05:32 GMT )
Нау 22, 2024 18:05 Asia/Almaty
  • The Guardian, Associated Press, The Washington Post: Палестина балалары бала емес

Tumblr әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі өз жазбасында Батыстағы кейбір ақпарат құралдарының Палестина балаларын адамдыққа жат қалыпта сипаттауын айыптады.

Қолданушы: "Бұл ақпарат құралдары Палестина балаларын адамдыққа жат қалыпта сипаттау арқылы сионистік режимнің қылмыстарына ортақтасып отыр. Егер бұл БАҚ өкілдері баланы бала деп атай алмаса, шын мәнінде олар жайлы не ойлайды?"-деп жазды.

Image Caption

Қолданушы жариялаған суреттер бойынша, The Guardian, Associated Press, The Washington Post сияқты танымал ақпарат құралдары баланы бала деп атамай, "18 жасқа толмаған адамдар" деп атайды, олардың өлтіріліп жатқанын айтудың орнына "қайтыс болды" деген сөзді қолданады.

Image Caption

Жалған Израиль режимі пайда болғаннан бері мың-мыңдаған жазықсыз палестиналық шәһид болып, жараланып, миллиондаған адам босып кетті. Ал Батыстың кейбір ақпарат құралдары осы антигуманистік әрекеттерді жасырып, сионистік режимге одан әрі қылмыс жасауға жағдай жасап отыр.