Нау 24, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • Мәскеудегі теракт құрбандарының саны 150 адамнан асты

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 152-ге жеткенін хабарлады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Крокуста болған лаңкестік әрекеттің салдарынан 285 адам, оның ішінде сегіз бала зардап шекті, оның ішінде 133 адам алған жарақатының ауырлығынан көз жұмды. Жұма күні кешке Мәскеуде болған лаңкестік оқиғадан кейін Ресей президенті жексенбі күні жалпыхалықтық аза тұту жариялап: «Бұл шабуылды жасағандарды «ауыр жазалар» күтіп тұр» деп қорқытты.

Жұма күні кешке Мәскеудің шетіндегі Crocus City Hall бизнес кешеніне лаңкестер шабуыл жасап, концерт залында жиналған халыққа оқ жаудырды.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін 11 адам, оның ішінде Мәскеудегі Crocus City Hall ғимаратына шабуыл жасаған төрт лаңкес қамауға алынды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, лаңкестер мінген көлік Украина шекарасынан 100 шақырым жерде тоқтатылған.

 

 

Тегтер