Сәу 01, 2024 19:29 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресінің өкілі Газаға атом бомбасын тастауға ұсыныс жасады

АҚШ Конгресінің республикашыл өкілі "іс жылдам бітуі үшін" Газаға Хиросима мен Нагасакиге тасталғандай бір атом бомбасын тастау керегін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Мичиган өкілі Тим Уолберг 25 наурызда бір концерт залында өз жақтастарымен сөйлесіп тұрып, Екінші дүниежүзілік соғыс пен АҚШ-тың Жапонияға ядролық шабуылдарына тоқталып, Газаға көмектесуді тоқтатуды талап етті.

Ақпарат құралдарында тараған видео бойынша, АҚШ Конгресінің республикашыл өкілі Тим Уолберг: "Газа халқына гуманитарлық көмек үшін бір тиын да жұмсалмауы керек",-деді.   

Жаппай сынға ұшыраған Тим Уолберг жексенбі күні "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Айтпағым қақтығыстарды тоқтату үшін ядролық қаруларды пайдалану емес, АҚШ көмегін ХАМАС пен Ресейді тез арада жеңуге жұмсау болды",-деп уәж айтты.

Тим Уолберг аталмыш видеода оның сөздері бұрмаланғанын айтты. Бірақ АҚШ-та әртүрлі топтар оның сөзін айыптады.

Тегтер