Сәу 02, 2024 18:47 Asia/Almaty

АҚШ Конгресінің республикашыл өкілі Тим Уолберг бір отырыста "іс жылдам бітуі үшін" Газа секторына АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге тастағанындай бір атом бомбасын тастау керегін айтты.

Ирандық тілші Ильхам Абедини "Х" әлеуметтік желісінде Тим Уолбергтің видеосын таратып: "Түпкі ниеті – кез келген құрал және тәсілмен Палестина халқын толық жою. АҚШ Конгресінің республикашыл өкілі Тим Уолберг бұл видеода былай дейді: Газа соғысын шешу жолы – Хиросима мен Нагасакиде болған оқиғаға ұқсас әрекет жасау. Яғни атом бомбасы... Тез әрі әсерлі!",-деп жазды.

 

Тегтер