Қорлаймын, демек бармын!
(last modified Sun, 07 Apr 2024 13:31:24 GMT )
Сәу 07, 2024 19:31 Asia/Almaty
  • Қорлаймын, демек бармын!

Классикалық америкалық кинода азиялық, африкалық және жергілікті халықтарды қорлау Голливудтың классикалық туындылары арасында нәсілдік кемсітушілікке толы көптеген фильмдер бар.

АҚШ кинематография тарихында нәсілшілдік тақырыбындағы классикалық туындылар бар. Кейде бұл тақырыптардың абсурдтығы сонша, қоғамдық пікірдің қысымымен фильмнің позициясы өзгертілген. Мысалы, «Желмен ғайып болғандар» фильмінің көрсетілуіне наразылық білдірілгеннен кейін HBO бұл туындыны өз мұрағатынан уақытша алып тастаған. Содан кейін HBO фильмнің басына нәсілшіл тақырыптар мен олардың көрсетілімі осындай  қате және ескірген тақырыптарды растауды білдірмейтінін ескертетін мәтін қосқан. Осыны ескере отырып, мұнда нәсілшілдік мазмұнды ашық насихаттайтын классикалық америкалық фильмдердің тізімін береміз.

"Дамбо" классикалық мультфильмі

Диснейдің балалар көрмеуі тиіс нәсілшіл фильмдері

1941 жылы түсірілген "Дамбо" классикалық мультфильмінде шылым шегетін қарғалар тобының басшысының аты – Джим Кроу. Бұл есім 1876 және 1965 жылдары АҚШ-та нәсілдерді бөлу мақсатында қабылданған "Джим Кроу" заңдарына меңзейді. Әрине бұл қарғаларға дубляж жасағандар – ақ нәсілді әртістер. Кейіпкерлер АҚШ-тағы азаттық пен әл-ауқатқа өте зиянды болған "Джим Кроу" заңдарын маңызсыз деп көрсеткен.

"Питер Пэн" анимациясы және байырғы америкалықтардың нәсілдік кемсітушілік салдарынан жойылуы

Питер Пэн – АҚШ-тың байырғы тұрғындарына қарсы түсірілген, нәсілшіл тақырыптарға байланысты бірнеше рет сынға ұшыраған тағы бір туынды. Бұл анимациядағы «Қызыл адамды қызыл еткен нәрсе» деп аталатын әндердің бірі америкалық үндістерге, олардың киімдері мен нанымдарына тікелей қатысты.

«Ханым мен қаңғыбас» (1955) анимациясында сиам мысықтары Шығыс Азия халқының карикатурасы ретінде пайдаланылды. Мультфильмде тістері шығыңқы, көздері сығырайған сиам мысықтары азиялық акцентпен «Біз сиамдықпыз» деген тіркесті қайталап, ән айтып жатқанын көруге болады.

 «Ханым мен қаңғыбас» анимациясында ұсқынсыз мысықтар да азиялық акцентпен сөйлейді.

"Джунгли кітабы" фильмінде қара нәсілді адамдар орангутан етіп көрсету арқылы келеке етіледі. Бұл фильмде король Луис көптеген қара нәсілді музыканттардың қалай сөйлейтінін келеке етеді.

«Оңтүстік әні» фильмінде азаматтық соғыстың аяғында Американың оңтүстігіндегі құлдық жүйе мақтанышпен бейнеленген.

Нәсілшілдік стереотиптерді бейнелейтін Дисней фильмдерінің тізімі мұнымен бітпейді. "Фантазия", "Аристократ мысықтар", "Кішкентай су перісі", "Аладдин" және басқа көптеген Дисней туындыларында түрлі нәсілдерді және нәсілдік кемсітушілік мәселелерін бейнелеуде дұрыс жұмыс жасалмаған.

Азиялықтарға қарсы нәсілшіл фильмдер

Дисней компаниясы нәсілшіл фильмдер шығаруға кінәлі жалғыз компания емес. «Патша және мен» фильмі Шығысты тану мәселесін қарастырып, азиялықтардың бейнесін бұрмалап, қорлай көрсетеді. Бұл фильм адамдардың тай мәдениетін қабылдауына зиянын тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар Азия елдерінің артта қалған және жабайы бейнесін жасайды.

"Фу-манчжур маскасы" фильмі

 

Мұндай әрекеттер «Фу-манчжур маскасы» фильмінде де жасалған. Тіпті 1932 жылы бұл фильм қытайлықтардың қатыгез де зорлықшыл бейнесін көрсеткені үшін Қытай үкіметінің сынына ұшырады.

Нәсілшіл фильмдерде кішкентай қыздарды пайдалану

Ширли Темпл ойнаған фильмдердің көпшілігінде нәсілшілдік тақырыптар қозғалған, негізінен қара нәсілді америкалықтарға қарсы бейнеленген.

«Кішкентай бүлікші» және «Кішкентай полковник» сияқты нәсілшілдік фильмдер Темплді ұнамды кейіпкер ретінде пайдаланды, бірақ нәсілшіл тақырыптар мен құлдық бейнелерін ұсынды. Шындығында, олар Ширли Темплді нәсілшілдік пікірлеріне қалқан ретінде пайдаланды.

"Энни" нәсілшілдікті зиянсыз, бірақ сүйкімді түрде көрсету үшін кішкентай ақ қызды пайдаланған тағы бір классикалық фильм болды.

Нәсілшілдікті насихаттау үшін балалық пәктікті пайдалану

Классикалық вестерн фильмдер де өз кезегінде байырғы америкалықтардың/үндістердің келбетіне зиян келтірді. «Іздеушілер» және «Делижан» сияқты фильмдер нәсілшілдікпен қатар, геноцидті ақтап шыққан фильмдердің қатарында болды. Екі фильмде де ақ нәсілді ковбойлар қиын-қыстау жолдардан өтіп, жергілікті тайпалардан кек алуды көздейді.

«Желмен ғайып болғандар» фильмінде құлдық пен нәсілшілдік қанық бояулармен көрсетілген.

Жалпы бұл фильмдерде қай топ нысанаға алынғаны маңызды емес. Осындай туындылардағы басты қауіп – ақ нәсілділердің үстемдігін қалыпты жағдай деп көрсету және басқаларды біртүрлі деп сендіру. Нәсілшілдіктің құрбаны болған топ америкалық үндістер, қара нәсілділер немесе азиялықтар болғаны маңызды емес. Бұл фильмдердің жалғыз сұлулығы өткенді көбірек білуге ​​және жағдайды жақсарту арқылы алға жылжуымызға көмектесетіндігінде деп айтуға болады.