Сәу 09, 2024 20:03 Asia/Almaty
  • Twitter қолданушылары Ираннан халықаралық құқықты қорғау үшін Израильдің агрессиясына жауап қайтаруды сұрады

Израильдің жойғыш ұшақтары Дамаскідегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуыл жасағаннан кейін Twitter қолданушылары халықаралық құқықты қорғау және агрессияға қарсы тұру үшін Ираннан Израильдің агрессиясына жауап беруін ашық және жанама түрде сұрады.

1 сәуірде сионистік режимнің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасаған шабуылы 1961 жылғы Вена конвенциясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын қоса алғанда, барлық халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу болды.

Өйткені кез келген елдің елшіліктері мен ғимараттары сол елдің бір бөлігі болып саналады. Бұл орындарға кез келген шабуыл халықаралық құқыққа негізделген қарсы шараларды заңды және мүмкін етеді.

Сионистік режимнің әрекеттері мен барлық халықаралық заңдардың ашық түрде бұзылуына ашуланған Twitter қолданушылары Ираннан Израильдің осы уақытқа дейін соғыс ашпағанына қарамастан, халықаралық заңдар негізіндегі басқыншылық әрекетіне батыл жауап беруін сұрады.

Британдық журналист Шармин Нарвани X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) былай деп жазды: "Мен Израильдің елшіліктерін неліктен жапқанын білмеймін. Иран бүлікші ел емес, ол халықаралық құқықты ұстанады, өйткені оны қолдау үшін осы заң қажет. Ирандықтар Израильдегі осындай мақсаттарға қарсы тұру үшін бұл мүмкіндікті жіберіп алмайды".

Иранның өзін қорғау құқығы туралы Шармин Нараванидің твиті

 

Ник Лоуман, талдаушы және X желісінің белсендісі де былай деп жазды: "Иран бұл шабуылға жауап ретінде барлық халықаралық құқықтық шешімдерді қолдануға құқылы".

 

Иранның жауабы туралы Ник Ламанның твиті

 

"Farzaneh .f" есімді қолданушы да Иранның аймаққа қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырды: «Иранның аймақтағы әскери қуаты ешбір елге қауіп төндірмейді, керісінше оның күші қауіпсіздікті тудырады және аймақ елдері осы күшке арқа сүйей алады. Иран ешқандай соғыс ашпайды, бірақ кез келген ел қорқытқысы келсе, Иран батыл жауап береді»

 

Пайдаланушының Иранның қорғаныс және  қауіпсіздік күші туралы твиттері

 

X арнасының америкалық белсенділерінің бірі Лукас Гейдж де Иранның әскери жауап беруін тілеп жазды: "Иран Израильдің қарғыс атқан қылмыскерлерін бомбамен ұрады деп үміттенетін жалғыз мен бе? Біздің елдің жауап қайтару батылы болса ғой, бірақ біз сионистердің бақылауындамыз. Израиль әскери қақтығысқа тап болған жағдайда ғана тоқтайды. Олар халықаралық құқық немесе сионистік құлдар басқаратын соттар туралы ештеңе айтпайды».

 

Америкалық қолданушының Иранның әскери әрекетіне деген тілегі

 

X әлеуметтік желінің басқа белсенділерінің бірі Но Нох та халықаралық заңдардың бұзылуын айыптап, Иранның әскери әрекетін құптады: "Иран қажетті уақытта және қажетті жерде Израильдің шабуылына шешуші және өкіндіретін жауап береді. Бұл әрекет Израильдің ешбір қағидаларды, ережелерді және халықаралық заңдарды ұстанбайтынын көрсетті. Бұл шабуыл да Израильдің агрессивтілігін көрсетеді» деді.

 

 X  әлеуметтік желісінің Израильдің халықаралық заңдарды бұзғаны туралы   твиті

 

Кейбір қолданушылар Американың Израильге қолдау көрсетуін де сынап, Тель-Авивтің қылмысына Вашингтонды себепкер деп санады.

Бұл туралы X желісінің әлеуметтік белсендісі  Клинт Рассел былай деп жазды: "Иран Израильге қарсы жауап қайтарған кезде, мен америкалық күштердің қатысуы туралы бір ауыз сөз естігім келмейді

Израиль Газада да, елшілікті жару арқылы да халықаралық құқықты бұзды. Мүлдем заңсыз! Сіз жағдайды ушықтырғыңыз келді, енді олар (ирандықтар) дәл осылай жауап береді.

Америка соғыстан тыс қалуы керек".

 

 Рассел твитінде Американың Израильге қолдау көрсетуін сынады

 

Кейбір қолданушылар Израильдің Сириядағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуылын Сирия мен Иранның егемендігін бұзу деп атады.

Rebirth сонымен қатар Иранның кек алу құқығы үшін тілеуді сұрап, былай деп жазды: "Халықаралық заңдарға сәйкес, елшілік пен консулдық сол елдің территориясының бір бөлігі болып табылады. Израиль бірнеше күн бұрын Иранның Сириядағы консулдығын бомбалады, кек алу Иранның заңды құқығы болып табылады, ол күшпен жасалады. Құдай қаласа".

 

Рэй Барт твитінде Иранның кек алу құқығы үшін тілеуді сұрады

 

UnCover сайты  былай деп жазды: "Бұл БҰҰ жарғысы мен халықаралық заңдарды өрескел бұзу және Сирия мен Иранның егемендігін бұзу болып табылады. Бұл шабуылдың табиғаты өте жауыз... Осыдан 25 жыл бұрын Югославиядағы Қытай елшілігін АҚШ әскерлері бомбалаған болатын. НАТО-ның әуе соққысы басқарған... біз Иран үкіметі мен халқының қайғысын сезінеміз..

Мұндай абайсыз әрекеттердің жазасыз қалуына жол беру өте қате сигнал береді және одан да қауіпті әрекеттерге итермелейді... Халықаралық құқықтың қызыл сызығы мен халықаралық қатынастардың негізгі нормалары қайта-қайта бұзылды, бұл да соңғы сызық, осылайша бұзылған адами мораль. Адамның ар-ожданы үшін қайталанатын сәтсіздік.."

 

 

Басқа қолданушылар Батыс елдерінің Израильдің қылмыстарын үнсіз қалуын айыптады. Zainab R есімді қолданушы былай деп жазды: "Енді ешқандай халықаралық құқық немесе конвенция жоқ екенін ескеріңіз. Израиль Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында барлық халықаралық заңдар мен конвенцияларды бұзды. ...»

 

 

Кейбір қолданушылар Израильді дүниежүзілік соғыстың себебі деп санады.

Jesse International  есімді қолданушы былай деп жазды: "АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Майк Тернер басқа елдің (Иран) елшілігін бомбалауды  «заңды мақсат» ма?

Бұл ақылға сыймайды! Бұл дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқтырмай ма?

Ал халықаралық құқық ше?

Толық ақылсыздық!

 

Джесидің Израильдің дүниежүзілік соғысқа себеп болуы туралы твиті 

 

Тегтер