АҚШ өзіне қарсы ақпараттық желілерді цензуралауға және бұғаттауға жаңа жоба дайындады
(last modified Sun, 21 Apr 2024 12:07:58 GMT )
Сәу 21, 2024 18:07 Asia/Almaty
  • АҚШ өзіне қарсы ақпараттық желілерді цензуралауға және бұғаттауға жаңа жоба дайындады

Сіз де Google Chrome арқылы бір саяси немесе ақпарат сайтына кіргіңіз келсе де, Google оны "қауіпсіздік сақталмаған" деген сылтаумен ашпай қойған кезді бастан өткерген боларсыз. Мұндай жағдай енді көбейеді. Өйткені АҚШ халықаралық даму агенттігі Вашингтон үкіметінің мүддесіне қайшы ақпараттың алдын алып, цензураны арттыру туралы құжат ұсынды.

Mint Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) ұсынған құжат көрсеткендей, Вашингтон үкіметі технологиялық платформалар мен ақпараттық-жарнамалық компанияларды өзара әріптесе отырып, ғаламтордың басым бөлігін цензуралауға ынталандырып отыр.

USAID АҚШ үкіметінің ресми ұстанымдарына күмән тудырып, жүйені түйткілге ұшырататын сұрақтар қоятын адамдардың онлайн ақпарат алуына тосқауыл қоюды көздеп отырған сыңайлы.

Бұл құжаттың мақсаты – видео ойындар мен онлайн жолдауларды бақылауға алып, адамдарды АҚШ үкіметіне жақтаспайтын ақпарат құралдарынан алшақтатып, билік қолдайтын сайттарға қайтару.  

Құжат бойынша, Вашингтон үкіметі жарнама жасаушылармен әріптесіп, ресми бағытты ұстанбайтын ұйымдарды бұғаттауы керек. Мұнымен қоса, үкіметтің қолдауындағы Bellingcat мен Graphika сияқты топтар НАТО-ны бұрыс ақпаратқа қарсы күресетін көшбасшы ретінде таныстырады.  

Бұл құжатта геймерлер мен онлайн видео ойындарға көңіл бөлініп, әлеуметтік желілер мен ақпарат плаформаларына жасалатын тәсілмен оларға да бақылау жүргізілуі талап етілген.

Сыншылар Twitch сияқты ойын платформаларында     бұрыс ақпарат жариялай алады. Бұл мәселе қолданушыларға Facebook пен X сияқты әлеуметтік желілерде бір мезгілде пост жариялап, оқырмандар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Осылайша тіпті шектеулі оқырмандарға ғана жауап беретін платформалардың өзі айтарлықтай әсер етеді.   

Google Chrome мен іздеу жүйесі АҚШ-қа қарсы сыни пікірлердің азырақ оқылуында айтарлықтай рөл ойнайды.   

 

Бұрыс ақпарат па, әлде жағымсыз ақиқат па?

USAID "бұрыс ақпаратпен" қоса, "зиян тигізетін ақпаратпен" де күресетінін айтты. Зиян тигізетін ақпаратқа ақиқат болса да, агенттік тарапынан белгіленген шеңберден тыс саналған материал жатады. Осы сипаттама бойынша, АҚШ үкіметінің мүддесіне зиянды немесе жағымсыз кез келген ақпарат ақиқат болса да, потенциалды түрде цензураға ұшырайды. USAID-тің сенімінше, тәуелсіз ақпарат құралдары мен еркін әлеуметтік платформалар түрлі ой-пікірлер мен ақпараттар және параллельді варианттар жариялауға қолайлы орта жасау арқылы сыни ақпараттардың дамуына септігін тигізеді.  

Бұл құжатта Reddit, Discord мен Chan4 сияқты платформалар "қастандық ұйымдастырушы сайттар" ретінде таныстырылған. Олар түрлі топтарға "популистік тақырыптар" тудыру арқылы АҚШ-тың ресми ұстанымына балама ой-пікірлерді таратып, АҚШ үкіметін түйткілге ұшыратуға көмектеседі. Бұл платформаларға да ойын сайттары сияқты қатынас көрсетіліп, шетке ысырылуы тиіс делінген.  

Өткен онжылдықта АҚШ-тың ресми ұйымдары "Силикон алқабындағы" компаниялармен әріптесіп, жұмыс істейді. Сөйтіп оның абсолютті билігіне күмән тудыратын ақпарат құралдарына қолжетімдікті шектейді. Бұл Вашингтонның амбицияларының артып келе жатқанын көрсетеді.

Бізге қарсы адамдардың репутациясын бұзу

USAID-тың тәуелсіз ақпарат құралдарын басып-жаншу, өзіне жақтастарды және ресми ұстанымдарды жарнамалайтындарды қолдау үшін қолданатын маңызды тактикаларының бірі – түйткіл тудырып, сын-пікір айтатын ақпарат құралдарының қаржы көзін жабу. Бұл агенттіктің тағы бір тәсілі – мұндай ақпарат құралдарының мәліметтерінің таралуына кедергі жасау үшін кез келген тәсілді қолдану, соның ішінде оппозиционердің абырой-беделіне нұқсан келтіру және сауда брендінің танымалдығына сызат түсіру.  

Google, Facebook пен YouTube сияқты платформалар сыни материалдарды азайту үшін өз алгоритмдерін өзгертіп, керісінше үкіметке жағымды материалдарды жарнамалай бастады. Соның салдарынан сапалы сыни ақпарат тарататын сайттар бір кеште трафиктің азаюына куә болды. Алайда онлайн сахнада жеңіліс тапқан  CNN, NBC News сияқты дәстүрлі ақпарат құралдары іздестіру нәтижесі бойынша жоғары рейтингке ие болды.

USAID-тың тәуелсіз ақпарат құралдарын басып-жаншу үшін қолданылатынын ең маңызды тактикаларының бірі – өзіне жақтас медиа өкілдерін қолдау.

Төңкерістер үйі және бұрыс ақпараттар

USAID АҚШ үкіметінің мүдделерін ілгерілетуде бұрыс ақпарат таратуды ұзақ жылдар бұрын бастаған. Әсіре цензура жасауға арналған бұл жоба алаңдаушылықты арттырып отыр. 2021 жылы бұл агенттік Кубада АҚШ-ты жақтайтындардың түрлі түсті революциясын жасауға тырысты. USAID-тың Кубаның ішкі ісіне араласып отырғанына жылдар болды. Осы елдің хип-хоп музыкасына ықпал ету, оны үкіметке қарсы революциялық күш ретінде ұйымдастыруға бағытталған сансыз жобалар жасады.  

11 жыл бұрын USAID жасырын түрде Кубаға арналған Zunzuneo әлеуметтік желісін құрды. Ондаған мың қолданушының ешқайсысы бұл әлеуметтік желіні АҚШ үкіметі жасырын түрде жасап, нарыққа шығарғанын білмеді. Бұл желі Кубаны бақылауға алып, ақырындап режимді өзгерту туралы идеяны таратып, қолданушыларды үкіметті құлатуға бағытталған наразылықтарға итермелеу мақсатында құрылды.

USAID сондай-ақ 2002 жылы Кубада және Венесуэлада болған төңкерістерге қатысты. Бұл төңкеріс Венесуэлада демократ президент Уго Чавес үкіметінің құлап, АҚШ-ты жақтайтын бір диктатордың билік басына келуіне әкеліп соқтырды. Сол кезден бастап USAID түрлі тәсілдермен, соның ішінде өзін өзі президент деп жариялаған Хуан Гуайдоға қаржылай көмек беріп, Венесуэла демократиясын құлатуға талпынып жатыр.