Maм 03, 2024 20:44 Asia/Almaty
  • АҚШ маккартистік тұншықтырғыш дәуірге қайта оралды. Сөз бостандығы мен сын айту құқығы жойылды

Саяси және ақпараттық органдар, либерал не консерватор болғанына қарамастан, АҚШ-тың сыртқы саясатын сынға алған адамдар мен ұйымдарға қарсы Маккарти кезіне ұқсас шабуылдарды бастап, бейбітшілікті жақтаушылардан сөз бостандығы мен қарсылық білдіру құқығын тартып алды.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы жүргізген антисемитизмге қатысты академиялық тергеу осы елдегі маккартистік дәуірді еске салады. Ол кезде баршаның назары сенатор Маккартидың теледидардағы сөздеріне ауған болатын.

Іс жүзінде жауап алудың бір түрі болған бұл жиналыстар АҚШ-тағы сөз бостандығын жақтаушылар тарапынан қатаң сынға ұшырады. Осы жиналыстарда сенаторлар жауап алған университеттердің ректорлары коммунизмді қолдайды деп айыпталып, қызметтен кетуге мәжбүр болды.

Маккартизм – цензураның жанама түрі. Бір пікір қылмыс болып саналмаса да, кесімді түрде теріске шығарылады. Пікір білдірудің кәсіби және жеке шығындары адам төзгісіз болады. Маккартизмның шарықтау кезеңі, шамамен 1946 және 1956 жылдар аралығындағы уақыт АҚШ Конгресінің Өкілдер және Сенат палаталары мен Федералдық тергеу бюросы тарапынан реттелді.

Қазір тек сыртқы атаулары ғана өзгерді. «Коммунист» деген зиянды белгі «антисемитизмге» ауыстырылды. Полиция күштері Израильдің қылмыстарына қарсы студенттік көтерілістерді жазалау мақсатында университет ауласына басып кіріп, бұрынғы қатыгездікті қайталады.

Висконсиндық сенатор Джозеф Маккартидың жұмысы америкалық саясатты сынайтын адамдарды "коммунистер" деп тану арқылы жауап алу болды. Енді оның орнына Өкілдер палатасына Нью-Йорк штатынан шыққан республикашыл Элиз Стефаник келді.

75 жыл бұрын Өкілдер палатасы мен Маккарти сияқтылар ой еркіндігі мен сөз бостандығына шабуыл жасағаны сияқты қазір де университеттердегі академиялық еркіндікке шабуыл жасалып жатыр. Полиция кампусқа басып кіріп, 1970 жылы мамыр айында шарықтау шегіне жеткен шерулерді еске түсіретін қатыгездіктер жасады. Ол кезде Огайо ұлттық гвардиясы АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы сөз сөйлеп, ән айтып жатқан студенттерге оқ атқан еді.

АҚШ университеттерінде Израильдің геноцидіне наразылар басып-жаншылды

 

Израильге сын айтқандардың сөз бостандығына шабуылда Конгресс өкілі Элиз Стефаник сенатор Маккартидың заңды мұрагері болып табылады. Олардың нақты мақсаты – Израиль үкіметін сынауға тыйым салу. Конгрестің куә беруге мәжбүрлеу саласындағы кең мүмкіндігі жала жабуға және қорқытуға лицензия болуы мүмкін. Мұны Өкілдер палатасының білім және жұмыс күші жөніндегі комитеті университеттердегі антисемитизмге қатысты жақында жүргізген тергеуінде көрсетті.

АҚШ үкіметі заңдылық дағдарысымен күресіп жатқанда жастардың хабардар болуынан және өзгерістер ұйымдастыруынан қорқатын сияқты. Тіпті New York Times сияқты ықпалды БАҚ өкілдері бұл өзгерістерді жақтаушылардың үнін өшіру үшін қорқыту тактикасын қолдануда әсіре оңшылдарға қосылды. Бұл солшылдарға ғана емес, сөз бостандығы мен демократиялық құқықтарды қолдайтындардың барлығына әсер етеді.

Дереккөз: Have You No Sense of Decency?” McCarthyism Returns to Campus. 2024. counterpunchISRAEL AND THE NEW MCCARTHYISM. 2023. fpifMcCarthyism Is Back: Together We Can Stop It. 2023. thetricontinental

Тегтер