Израильдік профессормен сұхбат: Мәселе Израиль басшыларында емес!
Израильдіктердің 90 пайыздан астамы палестиналықтарға геноцид жасалуын қолдайды.
Егер Израильде неге болашақ жоқ екенін түсінгіңіз келсе, Тель-Авив университетінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне қараңыз. Израильдіктердің 3,2 пайызы ғана геноцидке қарсы болып шықты.
Бірінші бөлім
Еврей профессор Хаим Брешит-Жабнер (Haim Bresheeth-Zhabner) Холокосттан аман қалған жанұядан шыққан. Ол жазушы, кинематография зерттеушісі, фильм түсіруші және Израиль армиясының бұрынғы сарбазы.
Соңғы бірнеше онжылдықта Брешит-Жабнер Израильдің палестиналықтарға қатынасын қатаң сынайтындардың біріне айналды.
Оның ойынша, Израиль 2023 жылғы 7 қазаннан кейін палестиналықтардың құқықтары саласында фашистік қатынастан нацизмге ұқсас бірдеңеге айналды. Кейде ашық, кейде жасырын нацизм.
Төменде осы профессордың The New Arab журналының тілшісі Salwa Amor-ға берген сұхбатынан үзінді берілген.
Израильдегі наразылықтар бұл қоғамда геноцидті қолдаудың азайғанын білдіретін жақсы нышан ба?
Менің ойымша, Израильдегі наразылықтардың шын мәнінде палестиналықтарға қатысы жоқ. Израильдегі наразы екі тарап та геноцидті қолдайды, бұл мәселеде пікір қайшылығы байқалмайды. Олар палестиналықтардың емес, еврейлердің құқықтарын қорғайды.
Израильдегі наразылықтардың қазіргі толқыны палестиналықтарды бір лагерьден басқасына көшіруге қатысты болып отыр. Жаңа лагерь бұрынғыдан да қаталырақ. Израиль – палестиналықтарға емес, тек еврейлерге демократия.
Израильдіктердің тек 3,2 пайызы ғана өз үкіметінің Газада шамадан тыс әскери күш қолданып отыр деп санайды. Ал 43 пайызы керісінше әскери күш аз деп есептейді. 87,4 пайызы палестиналықтардың қаза болуын ақталған шығын деп санайды.
Сондықтан егер Израильде неге болашақ жоқ екенін түсінгіңіз келсе, Тель-Авив университетінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне қараңыз. Израильдіктердің 3,2 пайызы ғана геноцидке қарсы болып шықты. Израиль қоғамы қисынды ойлау қабілетінен айырылған. Олар геноцидке толық бет бұрған.
Оңтүстік Африкадағыдай қос тараптың бітімге келетініне үміт бар ма?
Мен ешқашан сионистермен сұхбатқа сенбеймін. Оларға санкция салып, BDS қолдану керек деп санаймын. Израильдің өзі – бір сионистік ұйым. Бұл ұйым нәсілшілдік/шовинистік болмысқа ие және ұлтты тазартуға/жоюға сенеді. Сіздер сионистермен сөйлесе алмайсыздар. Гитлермен сөйлесу мүмкін болмағандай. Қазіргі таңда Израиль ресми фашизмнен нацистік қоғамға айналды. Израильдіктердің 90 пайыздан астамы геноцид жасауды қолдап отыр. Мұны ешқашан ұмытпау керек.
Егер бітім таңдау жолы болмаса, сіздің ойыңызша бұл мәселені қалай шешуге болады?
Шешім жолы – сионизмді жою. Кез келген тәсілмен сионизмге қарсы тұру. Бұл елде болған оқиғалардан кейін мұнда бейбітшілік орнайды дегенге күмәнім бар. Сионизммен бітімге келуге болмайды. Отаршылдық немесе нацизмге көнуге болмайтындай. Сионизмнің болмысы антигуманистік және фашистік сипатта. Менің ойымша, израильдіктер мен сионистерді нацизмнен арылту керек. Германия нацистеріне жасалғандай. Соған дейін бітім жасау мүмкін емес.