Maм 11, 2024 18:01 Asia/Almaty
  • Иранның көмегімен Зимбабвеге қажет стратегиялық дәрілердің 10 түрі жеткізіледі

ИИР Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары Иранның көмегімен Зимбабвеге қажет стратегиялық дәрі-дәрмектің 10 түрін жеткізу туралы хабарлады.

Рухолла Дехқани Теһранда Зимбабвенің ғылым министрі Амон Мурвирамен кездесуінде Иранның Зимбабвеге 10 дәрі-дәрмек пен бірінші кезектегі медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу саласында өзінің технологиялық мүмкіндіктері мен өнімдерін беретініне тоқталып: «ИИР Президентінің ғылыми-технологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытудағы қуаттауларына сәйкес, Теһран әртүрлі елдермен, әсіресе Африка елдерімен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге толық дайын»,- деді.

ИИР Президентінің ғылыми-технологиялық істер жөніндегі орынбасары Иранның тұтынатын дәрі-дәрмектерінің 90 пайыздан астамы және ел ішінде қажет медициналық құрал-жабдықтардың 70 пайыздан астамын ирандық білімге негізделген компаниялар   өндіретініне назар аударып, ИИР-ның Зимбабвемен әртүрлі салаларда, әсіресе рекомбинантты және алдыңғы қатарлы дәрі-дәрмек өндірісі, медициналық жабдықтар мен технология трансфері бойынша бірлескен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Осы отырыста Зимбабве Ғылым министрі бұл елдің табиғи ресурстарға ие екендігіне және осы ресурстарды қызмет көрсету, жұмыспен қамту және байлық жасау үшін жақсарту үшін білім мен технологияны пайдалану қажеттілігіне тоқталып: «Иранның ғылыми-техникалық мүмкіндіктері қызмет көрсету саласының кеңеюіне, Зимбабвенің әл-ауқатының артуына және ілгерілеуіне себеп болуы мүмкін»,- деп айтты. Амон Мурвира Иранның өз-өзіне сену мен қабілеттілік үлгісі екенін айтып, былай деп қосты: «Технологиялар мен инновацияларды қолдану арқылы Иранның тәжірибесін үйреніп, халқымызға абырой әкелу біз үшін маңызды»,- деді.

 

Тегтер