Maм 12, 2024 18:30 Asia/Almaty
  • Құранның ең үмітті аяты туралы рауаят

Құм семинариясының ұстаздарының бірі діни бір қиссаға тоқталып, «Худ» сүресінің 114-аятын Құранның ең үміт беретін аяты деп атап: «Бұл аят жақсы амалдардың жаман істер мен күнәлардың зардаптарын кетірудегі әсерін білдіреді»,- деді.

Адамзат тарихының барлық дәуірінде үміт пен тыныштық адам өмірінің ірге тасы болып табылады. Үміт болмаса, адамның өмірін жалғастыруға ынтасы жоқ болса, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ұлтыма деген үміт пен тілек – Алланың рақымы мен мейірімі, үміт пен тілек болмаса, ана баласын емізбес еді, бағбан да ағаш екпес еді»,- деді. («Бихарул-әнуар», 77-том, 175-бет).

Бір күні шиіттердің бірінші имамы әрі Пайғамбардың ізбасары имам Әли (ғ.с.) күрд халқына сөйлеп: «Сіздің ойыңызша Құранның ең үміт артқан аяты қайсы? Әркім өз жағдайына қарай бір аят атаса, кейбіреулері «Ниса» сүресінің 48-аятын айтты: «Алла Тағала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды». Имам (ғ.с.): «Жақсы, бірақ мен ойлаған емес»,- деді. Кейбіреулер «Ниса» сүресінің 110-аятын айтты: «Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді». Имам (ғ.с.): «Жақсы, бірақ мен ойлаған емес»,- деп қайталады. Басқалар «Зүмәр» сүресінің 53-ші аяты: «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де»,- деді. Имам (ғ.с.): «Жақсы, бірақ мен ойлаған емес»,- деп тағы қайталады.

Бір топ басқа аяттарды айтты, бірақ имам Әлм (ғ.с.) қабылдамай, өзі: «Мен сүйіктім Алла Елшісінен (с.ғ.с.) былай дегенін естідім: «Күндіздің екі жағында (таң және екінді намазы), түннің күндізге таяу кезінде (ақшам, жашыйық) намазын толық орында. Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат".

Бұл аяттың үміттендіретін жағы анық, өйткені алдыңғы аяттарда: «Алла күнәларды кешіреді»,- деп айтылса, бұл аятта: «Жақсы амалдар жаман істерді кетіреді және күнәлар мен шектен шыққан әрекеттердің салдарын адам мүлде күнә жасамағандай жояды», - делінген. Жақсы амалдардың күнәлардың жойылып, бүркемелеуіне себеп болатыны, адамның болмысында жаман істерге емес, жақсылыққа баратынына ынта туғызып, үміттендіретіні – айтылған күндізгі және түнгі намаздар аятта күнәнің зардаптарын жоюмен қатар, тыныштық пен үмітке себеп болады.

Дереккөз:

Мир Эмади, Сейед Ахмад. 2019. «Құранның ең үмітті аяты қайсысы?» Mehr ақпарат агенттігі