Maм 15, 2024 22:13 Asia/Almaty
  • Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрі Иранның ілгерілеуін жоғары бағалады

Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрі Иранның қорғаныс, әскери, ғылыми және өнеркәсіп салаларындағы ілгерілеуін қуаттап, санкцияларға қарсы қарсыласуы мен тұрақтылығын мадақтады.

Иран Ислам Республикасының полиция бас қолбасшысы мен Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрі екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында полицияның жан-жақты ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандумға ИИР полиция күштері бас қолбасшысы генерал Ахмадреза Радан мен Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрі генерал Тулам қол қойды. Бұл салтанатты шарада генерал Тулам екіжақты және көпжақты қарым-қатынастардың, әсіресе полиция ынтымақтастығы саласында одан әрі дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел арасындағы достық пен сыйластық қарым-қатынастарды ынтымақтастықты кеңейтудің факторы ретінде атады. Ол сондай-ақ Иранның қорғаныс, әскери, ғылыми және өнеркәсіп салаларындағы ілгерілеуін қуаттап, Иранның санкцияларға қарсы қарсыласуы мен тұрақтылығын мадақтады.

Аталған меморандум ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, киберқылмыспен, есірткі өндірісі мен заңсыз айналымымен, адам саудасымен, ақшаны жылыстатумен, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымымен, жалғандықпен күрес саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасуды қоса алғанда, құжаттарды қолдан жасау, заңсыз иммиграция және полиция ынтымақтастығын тереңдету мен нығайтудың маңызды ережелеріне назар аударды.  

Сардар Радан мен Иранның жоғары лауазымды полиция делегациясы полиция ынтымақтастығын кеңейту мақсатында генерал  Туламның  ресми шақыруымен Вьетнамға барды. Осы сапарында Сардар Радан Вьетнам премьер-министрі Фам Мин Чинмен кездесіп, сөйлеспекші. Бұл кездесулер мен ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және құқық қорғау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты арттыруға маңызды қадам болмақ.

 

Тегтер