Израильдің қылмыстарын тоқтату үшін оны сұйық отынмен қамтамасыз етуді тоқтату керек
Қалайша жүзеге асыруға болады? Соңғы қырғынға дейін палестиналық балықшыларға оқ атылып, Chevron-ға тиесілі мұнай кеніштері мен құбырларын қорғау үшін Газа жағалауына жақын жерде заңсыз патруль жүргізген израильдік әскери кемелер тарапынан қамауға алынды.
2020 жылы АҚШ Израиль армиясының әскери ұшақтарын отынмен қамтамасыз ету мақсатында 3 млрд доллардан асатын сомаға 1 млрд литр JP-8 отынын беру туралы келісімшарттар жасады.
Data Desk жариялаған мәлімет бойынша, 2023 жылғы қазан айынан бері үш америкалық танкер JP-8 отынын жеткізу үшін Израильге жіберілді.
Бұл отынды АҚШ-тың Техас штатындағы Корпус Кристи ауданында орналасқан Valero мұнай өңдеу зауыты қамтамасыз етеді. Біз осы мақаланы жазып отырғанда Overseas Sun Coast атты тағы бір танкер Жерорта теңізінде Израильге қарай бара жатыр.
JP-8 отынын қамтамасыз етуді доғару және тасымал жолын жабу Израильдің соғыс машинасын тоқтату үшін өте маңызды.
Белсенділердің айлақтарға кіру жолына бөгет қою, кемежай қызметкерлеріне мұндай танкерлерге қызмет етпеуді сұрау, сауда ассоциацияларының кемелердің тоқтауына рұқсат бермеуі қатыгез шабуылды тоқтатуға көмектесе алады.
Сондай-ақ Израильдің энергетика саласындағы жобаларына инвестиция салуды тоқтату осы режимнің экспансиясына тосқауыл болады.
Өткен онжылдықта Израиль Палестинадан ұрлаған суларда газ өндіріп, экспорттайтын маңызды ойыншыға айналуды көздеген.
АҚШ тарапынан зор қолдауға ие болған бұл жобалар Израильді жаһандық энергетикалық қауіпсіздік үшін стратегиялық маңызды ел ретінде таныстырып, оның экономикасына экспорттан табыс түсіру үшін пайдаланылады. Әскери бюджетке осы саладан жылына 23,4 млрд доллар табыс түсіп отырады.
Сионистік режимнің энергетика саласына инвестиция салуды тоқтату
Газ кеніштеріндегі инфрақұрылым басқыншылар мен отаршылдардың қатыгездік жасауына тікелей әсер етіп отыр.
2023 жылы қазанда Газа жағалауында газ кен орындарын барлауға рұқсат алған 12 компанияға инвестиция салуды тоқтату керек. Рұқсаттар халықаралық заңдар бойынша Палестинаның теңіздегі территориясына тиесілі.
Dana, BP, Eni Petroleum сияқты компаниялар Израильдің отаршыл экономикасына бұрын-соңды болмаған инвестиция құюмен қоса, халықаралық заңдарды бұзып, палестиналықтардың табиғи ресурстардан түсетін миллиардтаған доллар табысына қатер төндіруге қатысып жатыр.
Осылайша ұжымдасқан әрекетті әшкерелейтін инвестицияларды тоқтату өте маңызды. Бұл жалпы жағдайға ықпал ете алады.
BP-ны нысанаға алған UK Energy Embargo for Palestine немесе Chevron Out of Palestine сияқты топтар қазіргі таңда бұл істі халықтық деңгейде атқарып жатыр. Жұмыс істеу тәсілі – Израиль және оның энергетикалық компанияларымен әріптесудің саяси шығындарын арттыру.
Олар халықты хабардар ету арқылы мұнай, газ бен отаршылдық басқыншылықтар арасындағы жасырын байланысты әшкерелейді.
Бұл салада Палестина территориясына қарасты сулардағы газ платформаларын қамтамасыз ету үшін Elbit желісімен келісімшарт жасасқан Италияның Eni және TotalEnerges мемлекеттік компаниялары және Грекияның Energean компаниясына қарсы студенттік және халықтық қозғалыстарды қайталау керек.
Белсенділер Еуроодақты да нысанаға алуы тиіс. Өйткені олар Газадағы геноцид кезінде Израильден газ сатып алып отыр.
Кемелердің жолын жабу
Израиль газын тиеген танкерлер Белгия, Уэльс, Марсель, Тоскана және Ревантуса айлақтарына ұдайы тоқтайды. Егер еуропалық белсенділер Израильден газ алу бағасын көтерсе, кемелердің айлаққа кіруін шектесе, "төменнен" энергетикалық санкция іске қосылып, Израильдің соғыс машинасын қолдауға бағытталған экономикалық шығындарды арттырып жібере алады.
Бұл топтар қару-жараққа қарсы санкциялар жариялау үшін жаңа үндеулер жасап, санкция аясына мұнай өнімдері, отын және қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін жұмсалатын табысты да кіргізуді талап ете алады.
Израильдің әсіресе энергетика саласына инвестиция салуға санкция жариялау Палестинада геноцидті тоқтатып, отаршылардың басқыншылығын жоюға қажет қақпа бола алады.
Осы салада белсенді топтардың бірі – Израильдің қылмыстарына қарсы Disrupt Power тобы. Ол Израильдің соғыс машинасы, Палестинадағы геноцидін қамтамасыз етіп отырған жаһандық энергия көздерін зерттеп, әшкерелейді. Сондай-ақ бұл топ – "Палестина үшін қуат көздеріне жаһандық санкция" альянсына мүше. Бұл альянс "төменнен" энергетикалық санкция салу үшін жаһандық майдан құрып жатыр.
Дереккөз:
Rose, Charlotte. 2024. To stop the Israeli war machine we must cut off its fuel. Here's how and why. The new arab