АҚШ Сенаты Сауд Арабиясына қарсы жоба бекітті
АҚШ Сенаты сейсенбі күні «Лаңкестікті қолдайтындарға қарсы әділет» деп аталған жобаны бекітті. Бұл жоба бойынша 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасында құрбан болғандардың жанұяларына Сауд Арабиясының үкіметіне қарсы шағым түсіріп, шығындарын өтеуді сұрауға рұқсат беріледі.
Егер бұл жоба заңға айналса, аталмыш оқиғада құрбан болғандардың жақындарына Нью-Йорктің федералды сотында Сауд Арабиясына қарсы шағым түсіруге рұқсат етіледі. Кейбір құжаттар бойынша, саудиялықтар - 11-ші қыркүйек оқиғасының негізгі айыпталушысы. Шабуылға қатысқан 19 адамның 15-сі Сауд Арабиясының азаматтары болған. Ақ үйдің баспасөз хатшысы бұл жобаға алаңдаушылық білдіріп: «АҚШ Президенті Барак Обаманың бұл жобаға қол қойып, оны заңға айналдыруы неғайбіл»,- деді.
Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты болуы туралы мәселе осыдан біраз уақыт бұрын 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы ресми мәлімдемеде Рияд үкіметінің бұл шабуылдағы рөлі туралы айтылған 28 беттің алынып тасталуы жарияланып, АҚШ-тың қоғамдық пікірінің назарын аударды.
Сауд Арабиясы 2001-ші жылдағы әлемдік қос сауда ғимараты мен Пентагонға қарсы шабуылға қатысты болуын теріске шығарады. Қалай болғанда да Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасына қатысты болуы туралы құпия бөлімдердің әшкереленуі АҚШ үкіметі әрқашан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы Вашингтонның стратегиялық одақтасы ретінде көрсетуге талпынғанымен іс жүзінде Рияд кемінде 11-ші қыркүйек оқиғасын іске асыру үшін әртүрлі көмектер көрсетіп, оны орындаушыларға қызмет етіп, АҚШ-қа соққы берген.
Әрине мұндай шараларда АҚШ-тың қоғамдық ой-пікірі Вашингтон мен Рияд арасындағы қарым-қатынастарды қайтадан қарастыруды талап етіп, басқа жақтан саудиялық үкіметпен заңды заңды қатынас орнатуды қарастырады. Сонымен бірге Сенаттың бұл саладағы соңғы шешімінде 11-ші қырқүйек оқиғасынан аман қалғандарға Сауд Арабиясы үкіметінен шығындарын өтеу туралы талап етуг рұқсат берілген болатын. Бұл мәселе Сауд үкіметінің наразылығына себеп болып, қарсы әрекеттенді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр: «Бұл әрекет Сауд Арабиясы үкіметінің АҚШ-тағы ақшаларын қайтаруына себеп болады»,- деп ескертті. Сауд Арабиясы бұған дейін де егер бұл жоба бекітілсе, АҚШ-тағы өз акцияларын сатып жіберетіндігін айтып, қорқытқан болатын. Егер бұл қоқан-лоққылар іске асырылса, АҚШ-тың экономикасын шайқалтады. Бірақ, бұл салада саудиялық есеп-шоттардың мөлшеріне назар аудару маңызды. АҚШ-тың Қаржы министрлігі таяуда өткен 40 жылда бірінші рет: «Сауд Арабиясы 2016-шы жылдың наурыз айының соңында АҚШ Қаржы министрлігінің 170 миллиард долларлық акцияларын иемденуде»,- деп хабарлады. Сауд Арабиясының АҚШ-тағы инвестициялары Сауд Арабиясының бүкіл валюталық қорының 20 пайызын құрап, шамамен 587 миилиард долларға жуықтайды. АҚШ акциялары бұл ел үкіметінің бүкіл қарыздарының 33 пайызын құрайды.
АҚШ үкіметінің қазіргі жалпы қарызы 19 триллион 160 миллиард долларға теңеледі. Осыған орай АҚШ Конгресінің өкілдері шығындарды өтеу талап ететін жобаны бекітсе, Барак Обама үкіметі жолайрыққа тіреледі. Бір жақтан АҚШ президенттік сайлауының алдында бұл шешімге қол қоймау америкалық сайлаушылардың демократ партиясының үміткеріне дауыс беруіне теріс әсер етеді, басқа жақтан аталмыш шешімге қол қою Сауд Арабиясының ашу-ызасын көтеріп, АҚШ-тан кек алу үшін акцияларын сатуға әкеледі. Ал бұл әрекет АҚШ-тың экономикасына жағымсыз әсер етеді, яғни АҚШ-тың экономикасынан миллиардтаған доллар кетеді. Бірақ сенаторлар мұндай қоқан-лоққыны бос әңгіме деп санайды. Сенаттағы демократтардың көбі Барак Обаманың талабымен қарсыласып, аталмыш жобаны қолдады.