Израильге сөзсіз қолдау көрсетіп отырғандықтан Германияның жұмсақ күші азайды
Берлин Тель-Авивтің құрбанына айналды. Германияның Израильге сөзсіз қолдау көрсетуі және оның палестиналықтардың азаптарына қатысты екі қырлы стандарты бұл елдің Батыс Азиядағы жұмсақ ықпалын азайтты.
Ондаған жылдар бойы Израильді араб әлемімен татуластыруға тырысқан Германия аймақта айтарлықтай жұмсақ ықпалға ие болып, сауда-экономикалық қатынастарда араағайын ретінде бұрыннан белгілі болған еді.
Бірақ қазір Батыс Азиядағы жағдай басқаша. Палестина қарсыласуына қолдау артып келеді. Көптеген арабтар Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын «геноцид жасауға бағытталған соғыс» деп санап, оны айыптап отыр.
Холокост елесі бейсанасына сіңіп кеткен Германия басынан-ақ Израильдің Газаға шабуылын қолдап келеді.
Осы себепті "әл-Ақса дауылы" операциясының басталғаннан кейін Германияның Газадағы соғысқа антигуманистік қатынас көрсетуі бұл елдің әлемдегі беделін одан ары түсіріп жіберді.
2023 жылы 7 қазаннан 5 күн өткен соң "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан кейін Германия канцлері Олаф Шольц сөз сөйлеп, өз үкіметінің жаңа Газа соғысына қатысты саясатын анық белгілеп беріп: "Қазіргі уақытта Германия үшін бір ғана орын бар: Израильдің қасында",-деді.
2023 жылдың қарашасына дейін Израильге қару экспорттау лицензиясын он есеге жуық арттырған Германия соғыс басталғалы бері АҚШ-тан кейін Израильге қару-жарақ жеткізуші екінші елге айналды.
Германияның Израильге қатысты біржақты әрекеті Тунис сияқты кейбір араб елдеріндегі жағдайды ушықтырғаны сондай, осы елде алғаш рет Берлиннің бала өлтіргіш Израиль режимін қолдауына қарсы наразылық шерулері өтті.
Былтыр қазанда Германияның Тунистегі елшісінің Тунис қаласының маңындағы бір жаңа мектептің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі жанжал тудырды.
Оқиға былай болған еді: Осы ашылу рәсімінде Тунистің Білім және тәрбие министрі Газаға тілеулестік білдірді. Одан кейін Германияның Тунистегі елшісі сөз сөйлеп, израильдіктерді соғыстың құрбаны деп атады.
Бірнеше күннен кейін наразылар Германия елшілігінің алдына жиналып, елшінің қызметтен кетуін талап етті.
Германияның Израильге қолдау көрсетуі бұл елдің Батыс Азиядағы көптеген мекемелерін де қамтыды.
Осыған орай «Foreign Policy» Батыс Азияның бес елінде жұмыс істейтін алты неміс мекемесінің тоғыз қызметкерімен сұхбаттасқан.
Сұхбат бергендердің сенімінше, Германияның Газа соғысына қатысты қатал ұстанымы олардың серіктестермен және жергілікті қауымдастықтармен жұмыс жағдайына қауіп төндірді.
Батыс Азиядағы неміс мекемелерінің ұзақ мерзімді қызметкерлерінің мойындауынша, Израильдің Батыс жағалауды басып алуы апартеидтің үлгісі болып табылады. Ал Германияның сыртқы саясаты Израиль-Палестина қақтығысының шындығынан әлдеқайда алыс.
Осы мекемелер қызметкерлерінің айтуынша, әріптестер арасында Израильдің палестиналықтарға жасаған қылмыстарына қатысты «апартеид» және «геноцид» сияқты терминдерді қолдану жиі кездеседі.
Ал Германия үкіметі "апартеид" пен «геноцидті» жоққа шығарып, оларды антисемиттік деп санайды.
Бұл туралы GIZ (Германия халықаралық ынтымақтастық агенттігі) қызметкерлері де Foreign Policy агенттігіне берген сұхбатында: "Германияның бұл соғысқа жақтасуы аталмыш агенттік қызметкерлерінің ашуы мен жиіркенішін тудырды",-деді.
Осыған байланысты Батыс Азияда жұмыс істейтін көптеген неміс ұйымдары өзінің жеке басын сақтау және аймақтағы жергілікті қызметкерлері мен серіктестерін қорғау үшін қоғамдық іс-шараларды тоқтатып, есеп беруді кейінге қалдырып, Израильді қолдайтын жобалардан логотипін алып тастады.
Вашингтонның араб орталығының 2020 жылғы сауалнамасына сәйкес, араб халқының көпшілігі Германияның сыртқы саясатына оң көзқараста болған. Бірақ 2023 жылдың қаңтарында Доха институты жариялаған басқа сауалнамаға сәйкес, 16 араб еліндегі респонденттердің 75 пайызы Германияның Газа соғысына қатысты ұстанымына теріс қарайды.