Маусым 07, 2024 16:39 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың демократтары мен республикашылдары Палестина мен Вьетнамдағы қылмыстарға қарсылық білдірген студенттерге қарсы бірікті

АҚШ университеттерінің студенттері мен ұстаздары Газаға тілеулестік білдіру мақсатында шерулерін жалғастырып жатқанда осы елдің екі партиясының саясаткерлері сайлаудың ескі стратегиясын қайта жандандыруға тырысып жатыр.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 1968 жылы АҚШ-тағы консерваторлар Колумбия университеті мен басқа да жоғары оқу орындарының наразы студенттеріне қарсы сөздер айту арқылы президенттік сайлауда жеңіске жетті.

Студенттер АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы болған. АҚШ-тың Демократтар мен Республикашылдар партияларының екеуі де халыққа/қоғамдық пікірге студенттерді заңға қарсы және антиамерикалық деп таныстырды. Елу алты жылдан кейін енді біз АҚШ-тағы алдағы сайлауда өте ұқсас саяси процестің қалыптасуына куә болуымыз мүмкін.

Полиция АҚШ-тың түкпір-түкпіріндегі кампустарда орналасқан палестиналықтарды қолдайтын шатырларға рейд жүргізуге шақырылған кезде саяси институттардың реакциясы заң мен тәртіп туралы ескі әңгімелерді еске түсірді. Бұл оқиға АҚШ-тың тарихын білетіндер үшін таңданыс тудырмайды.

1968 жылы Никсон азаматтық бағынбауды АҚШ саяси жүйесіне қауіп төндіретін әрекет ретінде көрсетуге тырысты. Азаматтық бағынбау тіпті зорлық-зомбылықсыз болса да. Ол студенттердің Вьетнамдағы америкалық соғысқа қарсы ұрандарына сілтеме жасай отырып: "Ұран айту – көптеген адамдарды шатастыратын қатыгездіктің жаңа түрі",-деді.

АҚШ Президенті Джо Байден 5 мамырда студенттік наразылықтарға қарсы ұқсас сөздер қолданып: "Адамдарда наразылық білдіру құқығы бар, бірақ хаос жасау құқығы жоқ",-деді. Ол студенттердің «қатыгездік/зорлық-зомбылық әдістерін» қолданып жатқанын алға тартты.

Сауалнамада республикашылдардың жеңіске жететіні әлі белгісіз. Бірақ демократтар мен республикашылардың наразылыққа қарсы сөздері ұқсас болғандықтан, 1968 жылы Никсонды Ақ үйге кіргізген үдеріс/процесс қайталануы мүмкін.

Демократтар консерваторларға қарағанда наразылықтар мен қоғамдық тәртіпсіздікке қатал екенін көрсетуге тырысқан кезде сайлаушылар республикашылдар ұсынған консервативті нұсқаны қалайтын сияқты.

«Заң мен тәртіп» ұранына сүйене отырып, Байден президенттік сайлауда Дональд Трампты қайта сайлауға ғана емес, республикашылдарға да көмектесуге жол ашуда.

2024 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер Дональд Трамп та Байден мен демократтар жасаған кеңістікті пайдаланып: "Мен әрбір колледж басшысына наразылық акцияларын дереу тоқтатсын деп бұйрық беремін. Радикалдарды жеңіп, барлық қарапайым студенттер үшін университеттерімізді қайтарып алыңдар деп айтамын",-деді.  

Палестинаға қолдау көрсету қарқындап, соғысқа наразылықтарды басу күшейген соң, біз 1960 жылдардағы АҚШ-қа ұқсайтын наразылықтар мен көтерілістердің ыстық та ұзақ жазының біріне жақындап қалдық деп айтуға болады.

Тегтер