Дағдарыстарды шешудегі халықаралық қауымдастықтың сәтсіздігі: Мәжбүрлі босқындар саны 120 миллион адамға жетті
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары өзінің соңғы есебінде әлем бойынша мәжбүрлі босқындар санының 120 миллионға жеткенін хабарлады.
Бұл есепте мәжбүрлі босқындар санының соңғы 12 жылда өсу үрдісінде болғанына назар аударылып; "2024 жылдың мамыр айына қарай күштеп қоныс аударылғандар санының 120 миллионға дейін ұлғаюы жаңа және өзгермелі қақтығыстарды, сондай-ақ әрине, халықаралық қауымдастықтың ұзаққа созылған дағдарыстарды шеше алмауын көрсетеді",- деп айтылды.
Pars Today агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының берген статистикасы жер бетіндегі қоныс аударған халық саны әлемдегі халқы ең көп 11-ші елмен, атап айтқанда Жапониямен тең екенін көрсетеді.
Дүниежүзінде мәжбүрлі босқындар санының артуына себеп болған негізгі факторлардың бірі Судан, Конго Демократиялық Республикасы және Мьянма сияқты бірнеше елдердегі жойқын қақтығыстар болды. 2023 жылдың соңында шамамен 10 800 000 судандық мәжбүрлі түрде көшірілді.
Қазірдің өзінде Газадағы соғыс әлемдегі мәжбүрлі босқындардың санын көбейтуде.
UNRWA (Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі) өткен жылдың соңына қарай Израильдің зорлық-зомбылығы мен қылмыстары салдарынан Газа секторында 1,7 миллионнан астам адам (халықтың 75 пайызы) босқынға айналғанын есептейді.