Францияның Патриоттар партиясының басшысы: НАТО әлемді үшінші дүниежүзілік соғысқа қарай итермелеп жатыр
Франция Патриоттар партиясының басшысы Флориан Филиппо еуропалықтарды оянуға шақырып: "НАТО әлемді үшінші дүниежүзілік соғысқа қарай итермелеп жатыр",-деп ескертті.
Еуропада оңшыл партиялардың жалпы танымалдығына, әсіресе бұл партиялардың жақында өткен Еуропарламент сайлауындағы салыстырмалы жетістіктеріне байланысты қазір олар әртүрлі еуропалық елдердің, әсіресе Францияның саяси сахнасында көбірек байқалады. Бұл партиялардың көпшілігі сепаратист және Еуроодақ пен НАТО-дан шығуды талап етеді.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Францияның Патриоттар партиясының басшысы Флориан Филиппо осы орайда ресми түрде еуропалықтарды оянуға шақырып, Париж үкіметінен НАТО мен Еуроодақтан шығуды талап етіп: "Франция жойылу алдында тұр. Егер өзіміз оянбасақ, басқалай ояну бізге жетеді. Бірақ бұл әлдеқайда қатыгез әрі ауыр болады",-деді.
Ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Франция халқына: "Францияның саяси циркі мен ел президенті Эммануэль Макронды ұмытайық. НАТО басшыларының мәлімдемелері олардың әлемді үшінші дүниежүзілік соғысқа қарай итермелеп жатқанын көрсетеді",-деп жазды.
Францияның Патриоттар партиясы басшысының ескертуі мына жағдайда айтылды: НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл ұйымды ядролық альянс деп атап: "НАТО ядролық қарулар жасау бойынша консультациялар өткізеді",-деді.
Йенс Столтенберг осы мәселенің егжей-тегжейіне тоқталмастан: "НАТО-ға мүше елдер ядролық қарулар жасау қажеттігі туралы консультацияларды бастап кетті",-деді.
Йенс Столтенберг НАТО мақсатының ядролық қарулардан ада әлем құру екенін айтып: "Әлемде ядролық қару бар кезде біз де ядролық одақ болып қала береміз",-деп еске салды.