Маусым 25, 2024 01:05 Asia/Almaty
  • Екінші қырғи-қабақ соғыс: Батыс гегемониясының құлдырауы және азиялық державалардың күшеюі

Екінші қырғи-қабақ соғыста жаһандық гегемония идеясының өзі заңдылығын жоғалтады.

Халықаралық қатынастар жөніндегі атақты теоретик Бери Бузан "Жаңа қырғи-қабақ соғыс – жалпы тұжырымдамаға арналған жағдай" атты жаңа мақаласында "Қазіргі таңда біз екінші қырғи-қабақ соғыс жағдайында тұрмыз" деді.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бузанның ойынша екінші қырғи-қабақ соғыстың өлшемдері айқындалып жатыр, көптеген өзгерістер орын алды.

Екінші қырғи-қабақ соғыстың басталуы

Екінші қырғи-қабақ соғыс 2020 жылы Қытай Гонконгтағы екі режимді құлатып, Батыстың санасын дүр сілкіндірген кезде басталғанға ұқсайды. Бұл оқиға Батыстағы көптеген адамдарды Қытайды қауіп ретінде қарастыратын америкалық тенденцияға ілесуге әкеліп соқтырды. Бұл өзгеріс 2022 жылы Ресей Украинаның шекаралас аймағын аннексиялауға әрекеттенген кезде күшейді.

Шынайы соғыстан қорықпай екінші қырғи-қабақ соғысты бастау

Екінші қырғи-қабақ соғыста біріншіге қарағанда күн сайынғы ядролық соғыс қорқынышы әлдеқайда аз. Дегенмен ультрадыбыстық жеткізу жүйелері және сырттан келетін зымырандардан жақсы қорғаныс сияқты жаңа технологиялық шешімдер бар.

Жасанды интеллекттің жетілдірілуі басқарудың тиімділігіне және оның кибершабуылдарға осалдығына әсер етеді. Әрине ядролық қарудың таралуына қатысты алаңдаушылық мәселе болып қала бермек.

Жаһандық гегемонияның заңсыздығы

Екінші қырғи-қабақ соғыс барысында кез келген жаһандық гегемония идеясы заңсыз болады. Батыс державалары бұдан былай болашаққа иелік етпейтінін және өз көзқарасын жүзеге асыруға құқығы немесе күші жоқ екенін мойындауы керек. Бірінші қырғи-қабақ соғыс кезінде Батыс пен Жапонияда таралған инновациялардан тыс басқа елдерге кең жайылған байлық, билік, мәдени және саяси бедел негізінде құрылған жүйені терең плюрализм деп атауға болады. Көптен бері көпполюстік әлем құруға ұмтылып келе жатқан державалар (әсіресе Қытай, Франция, Үндістан, Иран және Ресей) өз қалауларын орындап жатқан сияқты. Сондай-ақ ешкім АҚШ-тың орнын алмастырғысы келмейді.

Мәдениет – маңызды да байсалды категория

Мәдени майдан екінші қырғи-қабақ соғыстың айрықша белгісі болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Еуропа мен АҚШ аймақтық мәдени майданға бірге немесе бөлек қосылуы мүмкін. Жаһанданудан жеке болмысты ажырату, егер дұрыс басқарылмаса, екінші қырғи-қабақ соғыс жанжалын тудыруы мүмкін. Егер жақсы қарастырылса, мәдени айырмашылық құқығына қатысты талаптар осындай құқықтарды өзара қабылдаумен қатар өмір сүре алады.

Гибридтік соғыс

Екінші қырғи-қабақ соғыста жартылай гибридтік соғыстар ірі державалардың бір-бірімен тікелей қақтығысуына тосқауыл болып отыр. Бірақ гибридтік соғыстар бұдан да қауіпті. Олар қырғи-қабақ соғыс пен шынайы соғыс арасындағы шекараны жояды.

Күш-қуат бөлінісі

Блоктардың ішінде және олардың арасында әртүрлі күш-қуат бөлінісі бар. Қытай, Үндістан және Иран сияқты елдер екінші қырғи-қабақ соғыста біріншіге қарағанда әлдеқайда күшті. Ал Ресей мен АҚШ өз позициясынан айырылды. Кеңес одағынан бөлініп шыққан елдерді қосып алғаннан кейін Еуропа айтарлықтай ұлғайды, бірақ күш-құдірет тұрғысынан көп өзгеріс болмады. Демократиялық тұрғыдан АҚШ көшбасшы емес екені анық.  Егер 2024 жылы АҚШ-та Трамп сияқты президент сайланса, ол бұл рөлден бас тартуы мүмкін.

Тегтер