АҚШ Ресей мен Үндістанның бірлескен күшінен қорқады
(last modified Tue, 09 Jul 2024 16:08:58 GMT )
Шіл 09, 2024 22:08 Asia/Almaty
  • АҚШ Ресей мен Үндістанның бірлескен күшінен қорқады

Үндістан премьер-министрі Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері алғаш рет Мәскеуге барды. Бұл сапар Америка билігін алаңдатты.

 

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Үндістан премьер-министрінің Ресейге сапарына тоқталып: «АҚШ Үндістанның Ресеймен қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірді",- деді.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Миллер Үндістан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюіне алаңдаушылық білдіре отырып, Нью-Делиден Ресейге Украинадағы соғысқа байланысты қажетті ескертулерді беруін сұрады.

Бұл туралы АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Үндістан және Ресеймен қарым-қатынас жасайтын кез келген ел оған БҰҰ Жарғысын, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін анық айтады деп үміттенемін",- деді.

Америка НАТО-ның Ресейге қауіп төндіру үшін шығысқа қарай кеңеюін қолдаушылардың бірі және бұл соғыста Украинаның одақтасы болып табылады.

Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері алғаш рет Мәскеуге екі күндік сапармен келген Үндістан премьер-министрі дүйсенбі күні Ресей президентінің Ново-Огареводағы резиденциясында Путинмен кездесті.

Осы кездесуден кейін Моди X әлеуметтік желісінде Владимир Путинмен ресми келіссөздердің басталуын асыға күтетінін жазып, «Мәскеу сапары мен Ресей президентімен келіссөздер екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтады» деп жазды.

 Екі ел делегацияларының ресми келіссөздері барысында тараптар экономикалық күн тәртібін, энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сауданы, сондай-ақ химиялық тыңайтқыштарды өндіру мен жеткізуді қарастырады.

Украина дағдарысы мен Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкцияларын ескерсек, Мәскеу мен Нью-Дели арасындағы ынтымақтастықты дамыту Ресей үшін үлкен маңызға ие.

Ресей Батыстың саяси және экономикалық қысымымен күресу үшін одақтастарымен қарым-қатынасты тереңдетуді өте маңызды деп санайды.

Нью-Дели мен Кремль қырғи-қабақ соғыстан бері тығыз байланыста болды, ал Ресей ұзақ уақыт бойы Үндістанның ең ірі қару-жарақ жеткізушісі болды.

Сонымен бірге, Үндістан Еуропадағы дәстүрлі сатып алушылармен байланысын үзгеннен кейін Мәскеуді қажетті экспорттық нарықпен қамтамасыз етіп, ресейлік мұнайдың негізгі сатып алушысына айналды.