Қытай туристері Иранға саяхаттап келуге қызығушылық танытуда
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы Қытай туристерінің Иранға саяхаттап келуге қызығатындықтарын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымынің басшысы Масуд Сұлтанифар сәрсенбі күні Бейжіңде Иран мен Қытайдың алғашқы туристік форумында сөйлеген сөзінде қытай туристерін Иранға тарту пайызын арттыру қажеттігін айтып: «Тиімді бағдарлама арқылы шетелдік туристерді тартуға болады»,-деді.
Сұлтанифар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін Иранға келген шетелдік туристер санының осы бағдарламаға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 12 пайызға артқанын айтып: «Иранның әртүрлі аймақтарында кем дегенде 3-5 жұлдызды 300 қонақ үй салынып, жабдықталуы тиіс»,-деді.
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы, сондай-ақ, Батыс ақпарат құралдарының Иранға қарсы ақпараттық кеңістік тудырып, бұрыс жарнамалар жасайтындығына тоқталып: «Иранға сапармен барған туристердің бұл елде қауіпсіздік пен бейбітшіліктің сақталғанына көзі жетті»,-деді.