Там 06, 2024 16:58 Asia/Almaty
  • Жапондарды құрбан етпегенде болашақта әлем соғысқа толы болатын еді!

Хиросимаға тасталған бомба құрбандарын еске алу күніне орай таңдалған суреттерді ұсынамыз.

79 жыл бұрын осындай күні АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастап, толық қиратты.

1945 жылы 6 тамызда АҚШ армиясының В29 бомбалаушы ұшағы сол кездегі АҚШ Президенті Гарри Трумэннің бұйрығымен Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хиросиманың үстіне тасталған "Кішкентай бала" деп аталған бомба мыңдаған адамды сол сәтте, ондаған мың адамды сол жылдың соңына дейін өлтірді.

Бомба тасталғанға дейін Хиросима 280-290 мың бейбіт тұрғын мен 43 мың сарбаздың өмір сүрген жері болған. Есептеулер бойынша, бомба жарылысынан кейінгі 4 айдың ішінде 90 мыңнан 166 мыңға дейін адам жан тапсырды.

АҚШ Энергетика министрлігінің есептеуі бойынша, жарылыстан 5 жыл өткенде 200 мыңға жуық адам соның салдарынан қаза тапты. Хиросима қаласының басшыларының айтуы бойынша, 237 мың адам тура және жанама түрде бомбаның әсерінен, соның ішінде күю, радиация  мен оба ауруынан қаза тапты.  

Үш күн өткеннен кейін АҚШ "Семіз адам" деп аталын екінші атом бомбасын Жапонияның Нагасаки қаласына тастады. Жапония басшыларының айтуынша, АҚШ-тың осы екі қалаға ядролық шабуылынан 500 мыңға жуық адам қаза тапты. Құрбандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар еді.  

Жапонияның Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбалары әлем тарихында ядролық қаруды соғыста қолданған жалғыз жайт болды. АҚШ осы бомбаларды қолданғаны үшін ешқашан кешірім сұрамады. Басты бұқаралық ақпарат құралдары мен әйгілі америкалық тарихшылар Жапонияға атом бомбалары тасталғанына қатысты пікірлері біртүрлі болды. Олар АҚШ осындай әрекетке баруға мәжбүр болды, бұл керек іс деп таныстыруға тырысты. Олардың пайымдауынша, АҚШ атом бомбасын тастамаса, соғыс жалғасып, бұдан да көп соғыстар мен адам шығындары болатын еді. Әрине Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ бұл істі өз жауапкершілігіне алып, Корея мен Вьетнамнан бастап, Ирак, Ауғанстан, Ливия, Балкан елдері, Латын Америкасында соғыстар ашып, әскер кіргізді.  

Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеу институтының (SIPRI) 2023 жылы жариялаған есебі бойынша, қазіргі таңда 9 елде, соның ішінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Солтүстік Корея мен Израильде ядролық қару бар.

АҚШ атом бомбасын тастағаннан кейінгі Хиросима қаласының суреттерін тамашалаңыздар.  

Хиросимаға атом бомбасы тасталғаннан кейінгі жапон әйел мен оның баласы
АҚШ атом бомбасын тастағаннан кейінгі Хиросиманың ғылым мен өнеркәсіп мұражайының қирандысы
Атом бомбасы тасталғаннан кейінгі Хиросима қаласының қирандылары
АҚШ-тың Хиросимадағы қылмысы
АҚШ атом бомбасын тастағаннан кейінгі жапон әйел мен оның жаралы баласы
Хиросимаға тасталған бомба "Кішкентай бала" деп аталған.
АҚШ атом бомбасын тастағаннан кейінгі Хиросима
АҚШ-тың Хиросимаға ядролық шабуылынан зардап шеккендер
АҚШ атом бомбасын тастағаннан кейінгі Хиросима
Хиросимада атом бомбасының жарылған сәті
АҚШ-тың ядролық қылмысынан құрбан болған жапондарды еске алу рәсімі

 

Тегтер