Гамбург мешіті жабылды: Мұхаммедтің исламына жол жоқ, ал діни экстремизмге жол ашық
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымның басшысы Мұхаммед Мехди Иманипур өз мақаласында Германия үкіметінің Гамбургтағы мешітті жабуын Израиль тудырған жалған кеңістіктен Германияның әсер алғанының белгісі деп атады.
Мұхаммед Мехди Иманипур өз мақаласында Германия қауіпсіздік күштерінің исламдық орталыққа жасаған әдеттен тыс шабуылы мен Гамбургтағы мешітті жабуын талдады.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол бұл әрекетті осы еуропалық елдегі адам құқықтары, сөз бостандығы мен азаматтық құқықтарының сахналанған көрініс екенін көрсететін нүкте деп атап: "Гамбург ислам орталығына және оның қызметінің сипатына қатысты Германиядағы БАҚ және ресми орталықтар жасаған жалған және бұрмаланған негіздемелер мен әңгімелер ақиқат іздеуші шыншыл адамдардың санасын перденің ар жағындағы шындықтан бейхабар қалдыра алмайды",-деп жазды. Осыған байланысты ескеру қажет кейбір жайттар бар:
Гамбург ислам орталығы – дінге негізделген интеграцияның символы
Бірінші жайт Гамбург ислам орталығының мақтанарлық тарихына және оның Германиядағы орнына сілтеме жасайды. Бұл орталық Гамбургтің бір топ мүміндері мен тақуа азаматтарының өтініші бойынша құрылды. Ол жетпіс жылдан астам уақыт бойы басқа илаһи діндермен бейбіт және үйлесімді өзара әрекеттесу арқылы өзінің тиімді және берекелі өмірін жалғастырды. Көптеген неміс дін ғалымдары да мойындағандай, бұл орталық елдегі діни диалог пен интеграцияның маңызды орталықтарының бірі болып саналады.
Гамбург ислам орталығының сындарлы қызметіне шолу – бұл сөздің шынайы дәлелі. Міне, осындай жағдайда соңғы кездегі өрескел әрекет руханият пен діни өмірге ұмтылған адамдар үшін діни интеграцияға, ғылыми және сындарлы диалогтарға айқын қарсылықтың үлгісі болып табылады.
Германияның коалициялық үкіметі және сионистік сценарий
Екінші жайт қазіргі Германияның коалициялық үкіметінің көзқарасына қатысты. Бұған дейін Гамбург ислам орталығына қарсы шындыққа жанаспайтын шағымдар айтылып, оның жабылуына негіз қалаған болатын. Бірақ қазіргі коалиция сионистік лоббилер мен басқыншы әл-Құдс режимінің қауіпсіздік мекемелері жазған сценарийдің орындалуын жеделдетуге жауапты болды.
Сондықтан біз оқиғаның шындығы мен оған қатысты жалған мәлімдемелерді ақылға салып ажыратуымыз керек.
Германиядағы ресми партиялар мен мекемелер Гамбург ислам орталығының жабылуын заңды және ішкі процестің нәтижесі деп санауға тырысады. Алайда мұндай уәждер – қате адрес беріп, қоғамдық пікірді шындықтан алшақтатудың үлгісі. Осы уақыт аралығында жалған кеңістік тудыру – бала өлтіргіш сионистік режимінің арсыз бет-бейнесі әлемнің қоғамдық пікірінде бұрын-соңды болмағандай көрінген жағдайда осы режимге мүмкіндік тудыру және оған қысымды азайту үшін жасалған әрекет.
Саяси шығындар – Берлин үшін Израиль алаңында ойнау
Үшінші жайт әл-Құдсты басып алған режимнің жерінде ойнайтын германиялық партиялар Берлин үшін әрқашан қымбат болды. Бірақ бұл серіктестіктің шығыны бұрынғыдан да көп болады. Германия азаматтарының палестиналықтарды Газа геноцидінен қорғау үшін ауқымды шеру өткізуі Берлиннің сыртқы саясатының қазіргі тарихындағы бетбұрыс кезеңі болып саналады. Бұл жерде Германия үкіметі сионистік лоббилерден өз жолын бөлудің ең жақсы мүмкіндігінен айырылып қана қоймай, Газа жазалаушылары мен Палестинаны басып алғандардың жерінде ойнауды жалғастыра отырып, өздері мен германиялық азаматтар арасындағы алшақтықты күшейтті.
Гамбург ислам орталығының жабылуының салдары
Төртінші жайт Германия үкіметінің Гамбург ислам орталығын жабуға қатысты қабылдаған шешімінің салдарымен байланысты. Біз сәрсенбі, 24 шілдені «Қара сәрсенбі» деп атаймыз, өйткені орталық немесе мекеменің жабылуынан бөлек, миллиардтаған адамның көз алдында сөз бостандығы құрбан болды. Бүкіл әлемдегі саналы адамдарды бұрынғыдан да көбірек алаңдататын нәрсе – мұндай әрекетті ақтаған макро-тренд пен метамәтін. Ол әлемнің кез келген жерінде және кез келген себеппен қайталануы мүмкін. Кейбіреулер Германия үкіметінің соңғы әрекетінің нысанасы Иран Ислам Республикасы мен Ислам революциясының дискурсы деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл – қате ой. Гамбург ислам орталығының жабылуы ХХІ ғасырдағы илаһи діндерді ұстанушылардың сөз бостандығы, адам құқықтары және сындарлы диалогтары қағидаттарына қарсы әрекет ету болып саналады.
Егер бұл әрекетке бәрі үнсіз қалса немесе кейбір дін ғұламалары мұны қарапайым мәселе және шектеулі шешім қабылдау деп санағысы келсе, қатты қателеседі.
Батыстағы дінге қарсылық діндердің қасиетті кітаптарын өртеу, табиғи құндылықтарды жою, отбасы институтына шабуыл жасау, абсурдизм мен табиғи емес гедонизмді күшейту сияқты әртүрлі формада өзін көрсетті. Осы жағдайларға байланысты түсіндіруге бағытталған кез келген әрекетті Батыс айыптады. Сондықтан адамды өзіне, оның бойындағы құндылықтарын қорғауға шақыратын әрбір дін мен өркениет Еуропадағы жасырын билік институттарының қара тізіміне енгізіледі. Бұл үдерісті діндердің жақындасуымен аяқтау қажет. Әрине ең объективті жолдардың бірі – әлем дінбасыларының Германия үкіметінен Гамбург ислам орталығының жабылғанына қатысты түсінік беруді талап етуі.