Американың Ресеймен энергетикалық соғысында жеңілген Еуропа
(last modified Sat, 31 Aug 2024 11:13:43 GMT )
Там 31, 2024 17:13 Asia/Almaty
  • Американың Ресеймен энергетикалық соғысында жеңілген Еуропа

Жақында Еуропаның 6 елінің қауіпсіздік қызметі Норвегияның энергетика саласының менеджерлерімен кездесуінде Ресей Скандинавия елінің өнеркәсібінің өмірлік маңызды инфрақұрылымына қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Жуырда Германия, Бельгия, Голландия, Финляндия, Швеция және Исландия қауіпсіздік қызметінің Норвегияның энергетика секторының менеджерлерімен кездесуі жабық есік жағдайында өтті.  

Pars Today хабарлағандай, бұл кездесу бір жағынан Еуропаны энергиямен қамтамасыз етуде Ослоның маңыздылығын көрсетеді. Ол Ресеймен шектесетін Норвегия Еуропаның бір бөлігінде табиғи газдың ең ірі жеткізушісі болды.

«Біз Германияны немесе Норвегияны ғана емес, барлығымызды қамтитын өзгерістің куәсі болып отырмыз», - деді Рейтерс агенттігіне Германияның Конституцияны қорғау федералды басқармасы басшысының орынбасары Зинан Зелен. Ол АҚШ саясатына және Шығыс Еуропадағы НАТО-ның кеңеюіне сілтеме жасамай, былай деп қосты: «Ресей сияқты елдерден төнген қауіп тек тыңшылық операцияларды қамтымайды, сонымен қатар кейбір аймақтарда диверсия жасау мүмкіндігін де қамтиды».

Кейбір батыстық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сәуір айында Германияда диверсиялық шабуылдар, оның ішінде америкалық әскери нысандарға шабуыл жасауды жоспарлаған деген күдікпен екі ресейлік-неміс азаматы тұтқындалған. Германия ресмилерінің айтуынша, бұл шаралардың мақсаты Украинаға әскери қолдауды әлсірету болған.

Ресей, әрине, бұл әрекеттерді жүзеге асыруды жоспарлауға Мәскеудің қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығарды. Сонымен бірге Норвегияның барлау органдары Ресейдің диверсиялық шабуылдар жасау қаупін атап өтті.

Еуропаның ресейлік энергетикалық ресурстарға қажеттілігі туралы мәселе осы континенттің шешімдеріне үлкен сынақ болды.

Алайда 2022 жылдың ақпанында Украина соғысы басталғаннан кейін ЕО Венгрия, Словакия және Чехияны қоспағанда, ресейлік мұнай импортын тоқтатты.

Өйткені бұл үш ел Ресейден энергия жеткізуге тәуелді. Бұл елдердің мұнайы Украина арқылы да өтетін «Дружба» құбыры арқылы жеткізіледі.

Еуропаның Ресейге қарсы санкциялары Венгрия мен Словакия үшін көптеген экономикалық қауіпкі ие. Венгрия ұзақ жылдар бойы Ресеймен тығыз қарым-қатынаста. Бұл ел өз мұнайының үштен екісін Ресейден жеткізеді.

Бұл туралы Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сиарто былай деді: «Еурокомиссияның Ресей мұнайын Украина арқылы жеткізуді тоқтатуға қатысты дауда делдалдықты болдырмау туралы шешімі бұл дағдарыс шымылдығының артында Еуропалық Одақтың тұрғанын көрсетеді».

Венгрия Сыртқы істер министрі былай деп қосты: "Еуропалық комиссияның әрекеттері олардың Венгрия мен Словакияны энергиямен қамтамасыз етуге көмектескісі келмейтінін көрсетеді және дәлелдемелер көрсеткендей, бұл бұйрық Венгрия мен Словакияны энергиямен қамтамасыз етуде қиындықтар мен проблемалар туғызу үшін Брюссельден Киевке жіберілді".

Әрине, Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетика саласының қиындықтарының бірі «Солтүстік ағын» газ құбырларындағы диверсия мен жарылыс болды.

Ресей газын Балтық теңізінің астынан Еуропаға тасымалдайтын миллиардтаған долларлық «Солтүстік ағыны 1 және 2» құбырлары 2022 жылдың қыркүйегінде, Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін жеті айдан кейін бірнеше жарылыс салдарынан зақымданған.

Әзірге ешбір топ немесе ел бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Ресей бұл шабуылды АҚШ пен Англия жасағанын бірнеше рет мәлімдеді.

Жақында Польшадағы «Солтүстік ағыны» газ құбырындағы жарылыс пен диверсияның басты күдіктісі қашып кеткеннен кейін «РИЯ-Новости» мемлекеттік ақпарат агенттігі Мәскеудің Берлинге қарсы шағымы туралы хабарлады. "Біз Германия мен басқа да зардап шеккен елдер БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы конвенциясы бойынша өз міндеттемелерін орындауы керек деген мәселені көтердік», - деді РФ СІМ Еуропа бөлімінің басшысы Тяпкин.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та «Известия» газетіне берген сұхбатында "Германия бұл туралы барлық сұрақтарға жауап беруі керек" деді.

Екінші жағынан, елемеуге болмайтын мәселе – Американың Еуропадағы энергетикалық дамудағы рөлі, Негізінде, 2012 жылдан бері Америка энергия импорттаушы емес, экспорттаушы ел. Украинадағы соғыстан кейін Америка тез арада Еуропаны өзіне тәуелді ете алды. Американың Еуропамен газ ынтымақтастығы Украинадағы соғыстан кейін құрылды. Әрине, Еуропа елдерінің Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты Вашингтонның саясатын ұстанудан басқа амалы қалмады.

Шын мәнінде, Украинадағы қазіргі соғыс АҚШ пен Ресейдің Еуропа жеріндегі энергетикалық соғысы.

Бұл кезде Америка мұнай мен газ ресурстарынан пайда табудың арқасында бұл соғыстан зардап шекпейді, сонымен қатар мұнай мен газ экспортынан түсетін кірістерді көбейту арқылы орасан зор пайдаға қол жеткізуде.

Ресей жаңа азиялық тұтынушыларды тауып, Қытай сияқты елдерге газ экспортын ұлғайту арқылы Батыстың келтірген шығынын айтарлықтай көлемде өтей алды. Сондай-ақ мұнай мен газдың әлемдік бағасының өсуімен Ресейдің де кірісі артты.

Осылайша, Еуропаны Америка мен Ресей арасындағы қақтығыстың басты жеңілісі деп санау керек шығар.