Порошенко: Келіссөз Донбасты Украинаға қайтарудың жалғыз жолы
Украина президенті келіссөзді Донбасты осы елге қайтарудың жалғыз жолы деп атады.
TASS ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина президенті Петр Порошенко осы елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысында Донбасты Украинаға қайтарудың жалғыз жолын саяси және дипломатиялық келіссөздер деп атап, әскери шешім жолының тек осы аймақтағы дағдарысты күшейтетінін айтты.
Порошенко сондай-ақ, Украина халқының басым көпшілігінің Донбасс әкімшілігінің бейбіт түрде Киевке қайтарылуын қолдайтынын мәлімдеді.
Украинаның шығысында орналасқан Донбасс аймағы 2014 жылдың наурыз айынан Украина әскерилерінің қарсыластармен шайқасу орнына айналып отыр.
Украина үкіметі және қарсыластар 2015 жылдың бас кезінде Минскте ымыра уағдаластығына қол қойды. Алайда сол кезден бері бірін- бірі осы сертті бұзды деп сан рет айыптады.
Украинаның шығысында үкіметтік күштер мен қарсыластар арасындағы қақтығыстар әлі жалғасуда. Қазірге дейін 9 мыңнан астам адам қаза болып, 21 мыңнан астам кісі жараланған.